Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстанның батыс аймақтарындағы ылғалды құмдарында, терең сайлы беткейлері мен құрғап қалған өзен арналарында, жер астында тіршілік етеді. Дене пішіні ұршық т

Алып көртышқан

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Алып көртышқан

Алып көртышқан (лат. Spalax giganteus) – кеміргіштер отрядының көртышқан тұқымдасына жататын аң.

Алып көртышқан
Амандық күйі

Vulnerable (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Тұқымдасы: Spalacidae
Тегі: Spalax
Түрі: S. giganteus
Екі-есімді атауы
Spalax giganteus
Альфред Неринг, 1898


Қазақстанның батыс аймақтарындағы ылғалды құмдарында, терең сайлы беткейлері мен құрғап қалған өзен арналарында, жер астында тіршілік етеді. Дене пішіні ұршық тәрізді, мойны қысқа, басы жалпақ, ал көзі және құлақ қалқаны болмайды. Көзінің орнында қалың қылшықты тері қатпарлар орналасқан. Күрек тістері өте жақсы жетілген, жерді сол тістерімен қазады. Құйрығы өте қысқа, олар терісінің астынан көрінбейді. Қысқа аяқтарында жақсы жетілген, мөлшері аса үлкен емес тырнақтары болады. Ересек аңның арқа жағы ақшыл, бас жағы күмістей жарқыраған сары түсті. Балаларының тері жамылғысы бір түсті, ересектерімен салыстырғанда қоңырқай келеді. Алып көртышқанның денесінің ұзындығы 27 см, құйрығы 0,6 см, салмағы 553 г-дай болады. Кәдімгі соқыртышқаннан ерекшелігі – денесі ірі, жер бетіне шығаратын топырақ үйінділерінің көлемі үлкен (диаметрі – 32 – 120 см, биіктігі 10 – 50 см). Індері 2 – 3 қабатты, 90 – 300 см тереңдікке жетеді, ұзындығы 145 – 540 м-ге барады. Негізінен өсімдіктердің (анықталған мәлімет бойынша 38 түрімен) тамыры, түйнегімен қоректенеді, жақсы жейтін қорегі – қияқ. Алып көртышқанның таралуы қияқтың аз-көптігіне байланысты. Қысқа азық (2 – 3 кг) жинайды. Жер астында тіршілік еткеннен кейін тәулік бойына белсенді. Жылына 1 рет көктем – жаз айларында (сирек екінші рет күз айларында) балалайды (2 – 6-ға дейін). Алып көртышқанның тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Таралу аймағы шағын, Каспий өңірінде өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Алып көртышқан туралы ақпарат. Алып көртышқан деген не? Алып көртышқан нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 22, 2026

    Поляк тілі

  • Ақпан 24, 2026

    Мал шаруашылығы

  • Ақпан 25, 2026

    Білім қоғамы

  • Ақпан 25, 2026

    Дәмдеуіштер

  • Ақпан 09, 2026

    Қазақ энциклопедиясы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары