Арафур теңізі — Үнді мұхитының шетінде, Аустралия мен Жаңа Гвинея және Индонезияның Танимбар, Кай, Ару аралдары аралығында жатқан теңіз. Ауданы 1017 мың шаршы километр. Ең терең жері 3680 метр. Ірі аралдары: Колепом, Ару, Уэссел, Мелвилл, Грут-Айленд, Уэлсли. Түбектері: Кей-Йорк, Арнемленд, шығанағы: Карпентария, бұғазы: Торрес. Теңіздегі ағыс қыс айларында — шығыстан батысқа, жазда — батыстан шығысқа қарай болады. Судың беткі қабатының орташа температурасы 25-280С-қа жетеді. Тұздылығы 34-35,0‰.
| Арафур теңізі | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 1017 мың км² |
| Тереңдігі | 3680 м |
| Орташа тереңдігі | 186 м |
| Орналасуы | |
| 8°46′35″ о. е. 135°07′55″ ш. б. / 8.77639° о. е. 135.13194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 8°46′35″ о. е. 135°07′55″ ш. б. / 8.77639° о. е. 135.13194° ш. б. (G) (O) (Я) | |
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Арафур теңізі туралы ақпарат. Арафур теңізі деген не? Арафур теңізі нені білдіреді?

