Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Армян тілі (հայերեն, (hɑjɛɾɛ́n) — Үнді-Еуропа тілдерінің ішіндегі ең көне жазба тілдерінің бірі. Басқа тілдердің ішінде ең жақыны - грек тілі. Қазіргі заманда ж

Армян тілі

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Армян тілі

Армян тілі (հայերեն, (hɑjɛɾɛ́n) — Үнді-Еуропа тілдерінің ішіндегі ең көне жазба тілдерінің бірі. Басқа тілдердің ішінде ең жақыны - грек тілі. Қазіргі заманда жойылған фригий, фракий, дакий және пеоний тілдерімен бірге палеобалкан тілдер тобына жатады.

Армян тілі
Հայերեն Hayeren 
Айтылуы: IPA: [hɑjɛˈɾɛn]
Сөйлеу орны: Армения, Ресей, АҚШ, Франция, Иран, Грузия, Сирия, Аргентина,Түркия, Ливан, Украина, Иордания, Қазақстан, Өзбекстан, Канада, Грекия, Түркіменстан, Израиль, Палестина, Ирак, Венгрия, Болгария, Абхазия, Чехия, Мысыр, Кипр, Эстония, Гондурас, Румыния, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан
Барлық сөйлеушілері: 5,9 млн - 6,7 млн.
Тіл ұясы: Indo-European
 Армян тілі
 
Жазу әдісі: Армян әліпбиі 
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері:  Армения
Реттеушісі: Армения ұлттық ғылыми академиясы
Тіл белгілері
ISO 639-1: hy
ISO 639-2: arm (B)  hye (T)
ISO 639-3: әртүрлі:
hye — қазіргі армян тілі
xcl — орта армян тілі
axm — көне армян тілі

Үлгі:Infobox Language/IPA

Армян манускрипті, V—VI ғғ

Армян тілі — Арменияда, Ресейде, АҚШта, Францияда, Иранда, Грузияда, Сирияда, Аргентинада,Түркияда, Ливанда, Украинада, Иорданияда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Канадада, Грекияда, Түркіменстанда, Израильде, Палестинада, Иракта, Венгрияда, Болгарияда, Абхазияда, Чехияда, Мысырда, Кипрда, Эстонияда, Гондураста, Румынияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Үндістанда тұратын армяндардың тілі.

Армян тілінде әр түрлі мәлімет бойынша 5,9 млн-нан 6,7 млн адам сөйлейді.

Армян әдеби тілінің тарихы

  1. көне (5-11 ғасыр),
  2. орта (11-17 ғ.),
  3. жаңа дәуір (17 ғ-дан бастап) аталатын 3 кезеңге бөлінеді.

Көне дәуірдегі армян тілі - көне армян тілі, ал оның жазба ескерткіштерінің тілі - грабар.

Орта дәуірдегі армян тілі - орта армян тілі деп аталады.

Жаңа дәуірде қазіргі армян тілі қалыптасып, 19 ғ-дың аяқ шенінде онда жаңа армян әдеби тілінің белгілері пайда болған. Жаңа армян әдеби тілінің шығыс және батыс делінетін екі нұсқасы бар, олардың әрқайсысы көптеген диалектіні қамтиды. Армения халқы осының ашхарабар деп аталатын шығыс нұсқасында сөйлейді.

Армян тілінде 6 дауысты, 30 дауыссыз фонема бар. Грамматикалық род категориясы жойылып кеткен. Септік жалғаулары жетеу. Морфологиясының дені агглютинативті, аналитизм элементтері де ұшырайды.

Тағы қараңыз

  • Армения
  • Армяндар

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Армян тілі туралы ақпарат. Армян тілі деген не? Армян тілі нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 16, 2026

    Әмір Темір

  • Ақпан 25, 2026

    Ислам діні

  • Ақпан 24, 2026

    Украин тілі

  • Ақпан 25, 2026

    Экономикалық аудан

  • Ақпан 10, 2026

    6 қыркүйек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары