Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ат бұршақ , жембұршақ, атбас бұршақ (Vіcіa faba) — бұршақтар тұқымдасына жататын, сиыржоңышқа туысының бір түрі; қолдан өсірілетін бір жылдық өсімдік. Қазақстан

Атбас бұршақ

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Атбас бұршақ

Ат бұршақ , жембұршақ, атбас бұршақ (Vіcіa faba) — бұршақтар тұқымдасына жататын, сиыржоңышқа туысының бір түрі; қолдан өсірілетін бір жылдық өсімдік. Қазақстанның оңт. және солт. облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында Ат бұршақтың тез пісетін сорттары өсіріледі. Биіктігі 15 – 20 см, бұтағы селдір, сабағы жуан, төрт қырлы, тік өседі. Жапырағы күрделі, қалың, 1 – 3-тен қосақталған, сопақша, ұшы үшкір келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті. Жемісі – бұршақ. Бұршағы ірі, түсі сары не қоңыр болып келеді. Ат бұршақтың дәнін, сабағын және жапырағын малдың қай түлігі болса да сүйсіне жейді. Ат бұршақтың құрамында белок көп. Гүлдеген кезде ат бұршақты өсімдік бітесі қатты зақымдайды, сондықтан сақтық шарасы ретінде өсімдік ұшын қырқады немесе сабын эмульсиясына темекі қосып қайнатып, осы ерітіндіні өсімдікке бүркеді.

Ат бұршақ
Vicia faba plants in flower
Vicia faba plants in flower
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Fabaceae
Кіші тұқымдасы: Faboideae
Тайпасы: Vicieae
Тегі: Vicia
Түрі: V. faba
Екі-есімді атауы
Vicia faba
L.
Синонимдері

Faba sativa Moench.

Дәндерінің құрамында 35% ақуыз, 55% көмірсулар, 0,8—1,5% майлар. Ат бұршақ минералды тұздарға, дәрумендерге және ферменттерге бай.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Атбас бұршақ туралы ақпарат. Атбас бұршақ деген не? Атбас бұршақ нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 10, 2026

    Латын әліпбиі

  • Ақпан 15, 2026

    Қарайым тілі

  • Ақпан 10, 2026

    Ион теңізі

  • Ақпан 24, 2026

    АҚШ доллары

  • Ақпан 26, 2026

    Мұғалжар тауы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары