Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматик

Грамматикалық категория

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Грамматикалық категория

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.

Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.

Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.

Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:

  1. Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;
  2. Бір грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);
  3. Белгілі бір категориялардың қандай сөз таптарына кіретініне қарай жіктеледі.

Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде әр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирникий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан.

Тағы қараныз:

  • Графика
  • Графема
  • Граммема
  • Грамматика
  • Дактилография
  • Грамматикалық форма
  • Грамматикалық мағына
  • Грамматология

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Грамматикалық категория туралы ақпарат. Грамматикалық категория деген не? Грамматикалық категория нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Кёңсаң-Намдо

  • Ақпан 19, 2026

    Жапон тілі

  • Ақпан 25, 2026

    Абай Құнанбаев

  • Ақпан 26, 2026

    Ежелгі Македония

  • Ақпан 26, 2026

    Бөкей Ордасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары