Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жаңасемей ауданы — Абай облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Семей қаласы (аудан құрамына кірмейді).

Жаңасемей ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Жаңасемей ауданы

Жаңасемей ауданы — Абай облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Семей қаласы (аудан құрамына кірмейді).

Қазақстан ауданы
Жаңасемей ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Абай облысы

Аудан орталығы

Семей

Ауылдық округтер саны

12

Кенттік әкімдіктер саны

2

Ауыл саны

32

Әкімі

Нұржан Әбдікәрімов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Семей қаласы, Әуезов даңғылы, №95А

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1 қаңтар 2024 жыл

Жер аумағы

27,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

20 868 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Жаңасемей ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жаңасемей ауданы

Облыс картасындағы Жаңасемей ауданы

Мазмұны

Тарихы

Алғаш рет Жаңасемей ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Ол 1930 жылы жойылды.

1938 жылы 4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының құрамында Жаңасемей ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Бағана, Балтатарақ, Глухов, Делбегетей, Знаменск, Ертіс, Карпов, Климентьев, Көкен, Қорғанбай, Мұрат, Озёрск, Ескісемей, Талица, Тепкаши, Шар, Шебінді ауылдық кеңестері кірді.

1939 жылы 14 қазанда Жаңасемей ауданы Семей облысының құрамына кірді. Сол жылы 16 қазанда Делбегетей, Карпов және Қорғанбай ауылдық кеңестері Шар ауданына берілді.

1945 жылдың 1 қаңтарына қарай облыс құрамына Бағана, Балтатарақ, Глуховск, Жиенәлі, Жаңасемей, Знаменск, Ертіс, Климентьев, Көкен, Мұрат, Озёрск, Ескісемей, Талица, Тепкаши, Шар, Шебінді және Ебетей ауылдық кеңестері кірді.

1948 жылы 10 маусымда Үшаша, Байуақ және Келменбет ауылдық кеңестері Павлодар облысының Май ауданынан Жаңасемей ауданына ауыстырылды.

1950 жылы Келменбет ауылдық кеңесі жойылды. Жыланды ауылдық кеңесі құрылды.

1954 жылы Үшаша ауылдық кеңесі Байуақ ауылдық кеңесіне, Жыланды Бағанаға, Ескісемей Глуховқа, Балтатарақ Ертіске, Талица Шарға, Ебетей Шебіндіге қосылды.

1957 жылы Климентьев, Шебінді және Шар ауылдық кеңестері Новобаженов ауылдық кеңесі болып біріктірілді.

1957 жылы 11 қарашада Жаңасемей ауданы таратылды. Оның аумағы Жаңа Покров пен Шар аудандары арасында бөлінді.

1966 жылы 31 қаңтарда Жаңасемей ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Жарма ауданының Новобаженов ауылдық және Суықбұлақ кенттік кеңестері кірді; Абай ауданының Знаменск ауылдық кеңесі; Бесқарағай ауданының Глухов және Жиеналы ауылдық кеңестері; Бородулиха ауданының Зубаир, Ертіс, Жаңа Покров, Петропавл, Семейтау және Тепкаши ауылдық кеңестері кірді.

1967 жылы Тепкаши ауылдық кеңесі Озёрск ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1968 жылы Делбегетей және Қарасу ауылдық кеңестері Жарма ауданынан Жаңасемей ауданына берілді. Приречный ауылдық кеңесі құрылып, Семейтау ауылдық кеңесі жойылды.

1972 жылы Делбегетей мен Қарасу ауылдық кеңестері, сондай-ақ Суықбұлақ кенттік кеңесі Шар ауданына берілді.

1974 жылы Берёзов кенттік кеңесі құрылды.

1981 жылы Жазық, 1982 жылы - Бұлақ, 1985 жылы - Достық, 1992 жылы - Жарқын ауылдық кеңестері құрылды.

1986 жылы ауданда 2 кенттік (Берёзов, Шүлбі) және 13 ауылдық кеңес (Бұлақ, Глухов, Достық, Жазық, Жиеналы, Знаменка, Зубаир, Ертіс, Новобаженов, Новопокров, Озёрки, Петропавл, Приречный) болған.

1996 жылы 20 тамызда Жаңасемей ауданы жойылып, Семей қаласының қарамағына Шүлбі, Берёзовка кенттері, Бұлақ, Достық, Жазық, Жарқын, Жиеналы, Знаменка, Ертіс, Новобаженов, Озёрск, Приречный ауылдық округтері, Бесқарағай ауданына Глухов ауылдық округі және Бородулиха ауданына Зубаир, Новопокров, Петропавлов ауылдық округтері берілді.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңасемей ауданы төртінші рет қайта құрылды. Құрамына Семей қаласына қарасты Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озёрки, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттері енді.

Географиялық орны

Солтүстігінде Бесқарағай, Бородулиха аудандарымен, шығысында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданымен, оңтүстік-шығысында Жарма, оңтүстігінде Абай, Аягөз аудандарымен, батысында Павлодар облысының Май және Қарағанды облысының Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Халқы

1939 1970 1979 1989
17976  ▲39351 ▼35590 ▲40716

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 32 елді мекен 12 ауылдық округ пен 2 кенттік әкімдікке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтер 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абыралы ауылдық округі 638 ▼423 66,3 312 ▼225 72,1 326 ▼198 60,7
Айнабұлақ ауылдық округі 383 ▼233 60,8 207 ▼133 64,3 176 ▼100 56,8
Ақбұлақ ауылдық округі 667 ▼459 68,8 334 ▼245 73,4 333 ▼214 64,3
Алғабас ауылдық округі 1069 ▼688 64,4 527 ▼348 66 542 ▼340 62,7
Достық ауылдық округі 1719 ▼1594 92,7 861 ▼782 90,8 858 ▼812 94,6
Ертіс ауылдық округі 2654 ▼2506 94,4 1312 ▼1265 96,4 1342 ▼1241 92,5
Жиенәлі ауылдық округі 981 ▼721 73,5 491 ▼387 78,8 490 ▼334 68,2
Көкентау ауылдық округі 2236 ▼1647 73,7 1143 ▼909 79,5 1093 ▼738 67,5
Қараөлең ауылдық округі 2029 ▼1416 69,8 1008 ▼709 70,3 1021 ▼707 69,2
Новобаженов ауылдық округі 3247 ▼2296 70,7 1615 ▼1184 73,3 1632 ▼1112 68,1
Озёрки ауылдық округі 3106 ▲3343 107,6 1508 ▲1707 113,2 1598 ▲1636 102,4
Приречный ауылдық округі 2625 ▼2205 84 1307 ▼1132 86,6 1318 ▼1073 81,4
Шаған кенттік әкімдігі 725 ▼484 66,8 361 ▼248 68,7 364 ▼236 64,8
Шүлбі кенттік әкімдігі 3149 ▼2853 90,6 1470 ▼1250 85 1679 ▼1603 95,5
Жалпы саны 25228 ▼20868 82,7 12456 ▼10524 84,5 12772 ▼10344 81

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Шүлбі ▼ 2853
Озёрки ▲ 2111
Новобаженово ▼ 1498
Қайнар ▼ 1415
Көкентау ▼ 1373
Шақаман ▲ 1333
Мұқыр ▼ 1129
Приречное ▼ 1002
Прииртышское ▼ 863
Алғабас ▼ 688
Бұлақ ▼ 675
Бөкенші ▼ 615
Жарқын ▼ 557

Әкімдері

  1. Руслан Ерланұлы Базарбаев (02.2024-12.2024)
  2. Алмас Тәнібекұлы Тастенбеков (12.2024-05.2025)
  3. Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов (07.2025 жылдан бастап)

Экономикасы

Жаңасемей ауданы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы. Ауданда өнеркәсіп салаларының 7 ірі және орта кәсіпорындары жұмыс істейді: "Қаражыра" ЖШС (көмір өндіру), "ФИК Алел" АҚ (құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу), "Шүлбі ГЭС" АҚ (электр энергиясын өндіру), "ARX MINERALS" ЖШС (құрамында мыс бар кендерді өндіру және өңдеу), "Прииртышская бройлерная құс фабрикасы" ЖШС, "Агрофирма Приречное" ЖШС.

Әйгілі адамдары

  • Төлеубай Аманов (1923—1978) — қазақ ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1972) Жаңасемей ауданы, Құрманқожа ауылында дүниеге келді.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Жаңасемей ауданы туралы ақпарат. Жаңасемей ауданы деген не? Жаңасемей ауданы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 19, 2026

    Жапон тілі

  • Ақпан 16, 2026

    25 желтоқсан

  • Ақпан 25, 2026

    Мәрмәр теңізі

  • Ақпан 12, 2026

    Шөлді аймақ

  • Ақпан 25, 2026

    Жүсіпбек Аймауытов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары