Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ирландия патшалығы (ирл. Ríocht na hÉireann; ағылш. Kingdom of Ireland) — 1541 жылдан 1800 жылға дейін өмір сүрген және бүкіл Ирландия аралында орналасқан ирлан

Ирландия патшалығы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ирландия патшалығы

Ирландия патшалығы (ирл. Ríocht na hÉireann; ағылш. Kingdom of Ireland) — 1541 жылдан 1800 жылға дейін өмір сүрген және бүкіл Ирландия аралында орналасқан ирландық мемлекет. 1801 жылы 1 қаңтарда Ирландия мен Ұлыбритания бірігіп, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығын құрды.

Ирландия патшалығы
ирл. Ríocht na hÉireann
ағыл. Kingdom of Ireland

←
1541 — 1 қаңтар 1801 →
 
→
байрақ Елтаңбасы
Астанасы Дублин
Тіл(дер)і ирландша, ағылшынша
Ақша бірлігі Ирланд фунты
Аумағы 84 000 км²
Басқару формасы монархия
Патша
 - 1542—1547 VIII Генрих
 - 1760—1800 III Георг
← Ирландия (феодалды иеліктер)
Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы →

Мазмұны

Патшалықты жариялау

Ирландия парламенті 1542 жылы бекіткен Ирландия Королі Актіне сәйкес, Ирландия патшалыққа айналды және бұғанға Ирландия билеушісі титулымен атанған Англия патшасы Генрих VIII, 1169 жылдан бері бірінші болып Ирландия патшасы деп жарияланды. 1171 жылы Ирландияны Генрих II басып алғаннан кейін, 1155 жылы Рим Папасы Адриан IV жариялаған папалық булла Laudabiliter-ді алған Ирландия Лордтығы өмір сүруін тоқтатылды.

Мемлекеттік басқару

Мемлекет басшысы ағылшын монархы болды. Атқарушы биліктің басшысы және ағылшын патшасының өкілі Лорд-Өкіл, одан кейін Лорд-Лейтенант болды. Әдетте, бұл лауазымға асыл текті ағылшындар тағайындалды, дегенмен ирландықтар бұл лауазымды бірнеше рет иеленді. XVIII ғасырда бұл лауазымның мәні төмендей бастады және атқарушы қызметті Ирландия Бас хатшысы атқарды. Ирландия патшалығының заң шығарушы органы ағылшындық үлгіге сәйкес құрылған және Лордтар палатасынан және Қауымдастық палатасынан құралған екі палаталы парламент болды. Ирландия парламентінің өкілеттіктері бірқатар заң актілерімен, негізінен, 1492 жылы Алқызыл мен Ақ раушан соғыстарының аяқталуынан кейін Лорд-Өкіл Эдуард Пойнинг ұсынған Пойнинг Актісімен шектелді.

1693 жылдан бастап католиктер, сондай-ақ протестантизм, пресвитерианизм және методизм сияқты тармақтың өкілдері парламенттің құрамына кіруге жол берілмеді және олар 1728 жылдан 1793 жылға дейін дауыс беру құқығына ие болмаған бірқатар заңдармен шектелді.

Тағы қараңыз

  • Ирландия парламентінің ғимараты
  • Ирландияның патшалық регалиялары
  • Солтүстік Ирландия

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ирландия патшалығы туралы ақпарат. Ирландия патшалығы деген не? Ирландия патшалығы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Қазақстан Республикасы

  • Ақпан 25, 2026

    Ашық тұқымдылар

  • Ақпан 10, 2026

    Адрия теңізі

  • Ақпан 10, 2026

    5 қыркүйек

  • Ақпан 10, 2026

    Хорват тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары