Ирланд теңізі (ағылш. Irish Sea, вал. Môr Iwerddon, ирл. Muir Éireann) — Атлант мұхитының шеткі теңізі, шығысындағы Ұлыбритания, батысындағы Ирланд аралдарының аралығында, мұхитпен Солтүстік бұғаз (солтүстік жағынан), Әулие Георг бұғазы (оңтүстік жағынан) арқылы жалғасады.
| Ирланд теңізі | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 100 мың км² |
| Тереңдігі | 175 м |
| Орташа тереңдігі | 43 м |
| Орналасуы | |
| 53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. (G) (O) (Я) | |
Тереңдігі 272 м-ге жетеді. Түпкі шөгінділері — малта тас, құм, тұнба. Ірі аралдары — Мэн және Англси. Жағалары кішігірім шығанақтармен, қойнаулармен тілімделген. Жыл бойы батыстан жел соғады. Қыста теңіз дауылдары жиі болады. Суының температурасы ақпанда 5—9 °С градустан, тамызда 13—16 °С градусқа дейін жетеді. Тұздылығы 32—34,8 ‰ аралығында өзгереді. Беткі ағысы — айналмалы ағыс. Жарты тәулікте бір көтеріледі (биіктігі 1–2 м-ден 6 м-ге дейін). Теңізден балық (майшабақ, килька, нәлім) ауланады. Ірі порттары — Ливерпуль (Ұлыбритания) және Дублин (Ирландия).
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ирланд теңізі туралы ақпарат. Ирланд теңізі деген не? Ирланд теңізі нені білдіреді?

