


- Карпентария шығанағы – Австралияның солтүстік жағалауындағы Арафур теңізінің шығанағы.
- Кейп-Йорк және Арнемленд түбектері аралығында жатыр.
- Аумағы 328 мың км², Ұзындығы 600 км., ең терең жері 71 метр.
- Шығанақта Уэлсли және Грут-Айленд аралдары орналасқан. Карпентария шығанағы жағалауға сұғына енген. Кейп-Йорк, Арнемленд түбектерінің шеттері біртіндеп төмендеп, Карпентария шығанағының аккумуляттік ойпатына ұласады.
- Суы жарты тәулікте бір көтеріліп (3,2 м-ге дейін) қайтады. Жағалауларына қатты ағысты көтерілу-қайту толқындары тән. Беткі суының айлық орташа температурасы қыс айларында 23 – 25С, жазда 29С.
- Тұздылығы 34,8‰.
- Жағалауларға жақын өңірде кен байлықтары көптеп кездеседі (марганец, алюминий, тағы басқа). Жағалауда тоғайлар өседі.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Карпентария шығанағы туралы ақпарат. Карпентария шығанағы деген не? Карпентария шығанағы нені білдіреді?