Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көксу ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Балпық би.

Көксу ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Көксу ауданы

Көксу ауданы — Жетісу облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Балпық би.

Қазақстан ауданы
Көксу ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Балпық би

Ауылдық округтер саны

10

Ауыл саны

34

Әкімі

Дәулет Кенжеханұлы Халелов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, №40

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°00′14″ с. е. 77°56′31″ ш. б. / 44.00389° с. е. 77.94194° ш. б. / 44.00389; 77.94194 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°00′14″ с. е. 77°56′31″ ш. б. / 44.00389° с. е. 77.94194° ш. б. / 44.00389; 77.94194 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1944

Жер аумағы

7,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

42 157 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (82,71%), орыстар (10,43%), әзербайжандар (3,24%), корейлер (0,84%), татарлар (0,82%), ұйғырлар (0,51%), немістер (0,41%), шешендер (0,38%), басқалары (0,66%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041200-041211

Автомобиль коды

19

Көксу ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Көксу ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Қаратал ауданымен, шығысында Ескелді ауданымен, оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен, батысында Алматы облысының Балқаш ауданымен шектеседі.

Жер бедері

Ауданның шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігі таулы-қыратты. Оңтүстік-шығысында Шаған тауы, шығысында Албасу (Лабасы), Қызылауыз, Сарыбастау, Жуантөбе, оңтүстігінде Ашудасты, Достар, Ақшоқы таулары, батыс бөлігінде Көкшиелі жотасы орналасқан. Батысын Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал құмдары алып жатыр. Ауданның ең биік жері Шаған тауларында (2551 м). Кен байлықтарынан Желдіқара кен орнында алтын және күміс кендерінің қоры барланған, сондай-ақ құрылыс материалдарының қоры бар.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Көксу ауданының климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 – 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы –35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 – 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 – 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, жабайы шошқа, шиебөрі, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, құстардан кекілік, бұлдырық, бүркіт, қырғауыл, дуадақ, шіл, бозторғай, бөдене, т.б. кездеседі.

Шаруашылығы

Аудандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорны – «Көксу-Шекер» АҚ қант зауыты. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 638,2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 29,8 мың га, шабындығы 9,3 мың га, жайылымдары 600 мың га. Өсімдік шаруашылығында астық дақылдары басым (13,3 мың га).

Халқы

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 35560 ▲49132 ▼45671 ▼44897 ▼40105 ▼38417 ▲41898

Аудан халқының саны 41 578 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (82,18%), орыстар (10,65%), ұйғырлар (0,49%), әзербайжандар (3,22%), татарлар (0,91%), шешендер (0,38%), немістер (0,44%), корейлер (0,95%), басқалары (0,78%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 34 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айнабұлақ ауылдық округі 1139 ▼1081 94,9 554 ▲564 101,8 585 ▼517 88,4
Алғабас ауылдық округі 2071 ▼1915 92,5 1031 ▼973 94,4 1040 ▼942 90,6
Балпық ауылдық округі 14520 ▲18692 128,7 6965 ▲9113 130,8 7555 ▲9579 126,8
Еңбекші ауылдық округі 3151 ▼2965 94,1 1605 ▼1497 93,3 1546 ▼1468 95
Жарлыөзек ауылдық округі 2384 ▲2526 106 1225 ▲1274 104 1159 ▲1252 108
Қабылиса ауылдық округі 1199 ▲1295 108 603 ▲660 109,5 596 ▲635 106,5
Лабасы ауылдық округі 5333 ▼5065 95 2668 ▼2559 95,9 2665 ▼2506 94
Мұқаншы ауылдық округі 3936 ▼3774 95,9 1959 ▼1887 96,3 1977 ▼1887 95,4
Мұқыры ауылдық округі 3040 ▼2914 95,9 1529 ▼1486 97,2 1511 ▼1428 94,5
Мұсабек ауылдық округі 1644 ▲1671 101,6 869 ▲896 103,1 775 775 100
ЖАЛПЫ САНЫ 38417 ▲41898 109,1 19008 ▲20909 110 19409 ▲20989 108,1

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Көксу ауданы туралы ақпарат. Көксу ауданы деген не? Көксу ауданы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 09, 2026

    28 желтоқсан

  • Ақпан 25, 2026

    Англия Патшалығы

  • Ақпан 25, 2026

    Шағатай ұлысы

  • Ақпан 25, 2026

    Виктория сарқырамасы

  • Ақпан 24, 2026

    Оңтүстік Қазақстан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары