Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Моңғол тілдері — алтай макроәулетінің құрамына кіреді. Моңғолия, Қытай, Ресей және Ауғанстандағы бір-біріне ұқсас тілдерді біріктіреді. Лексикостатистиканың дер

Моңғол тілдері

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Моңғол тілдері

Моңғол тілдері — алтай макроәулетінің құрамына кіреді. Моңғолия, Қытай, Ресей және Ауғанстандағы бір-біріне ұқсас тілдерді біріктіреді. Лексикостатистиканың деректері бойынша шамамен V ғасырда жойылған.

Моңғол тілдері
Жоғрапиялық
таралуы:
Шығу тегі Моңғолиядан Солтүстік Қытайға, Ресейге (Бурятия, Қалмақия) дейін таралған
Жаралу бойынша
тектестіруі:
Алтай
 Моңғол тілдері
Бөлікшелері:
Қидан тілі
Халха-моңғол тілі
Моңғор тілі
Қалмақ тілі
Бурят тілі және т.б.

Осы тілде сөйлеушілер — мәдениеті және тілдері ұқсас моңғол халықтары. Сонымен қатар, классикалық моңғолша 1940 жылға дейін тывалықтардың жазба әдебиетінің қызметін атқарған.

Моңғол тілдеріне түркілерден көптеген кірме сөздер кірген, бірақ ол тілдік қатынастарды зерттеуге қиындық туғызады. Қазірге дейін Моңғолия мен Қытайда түрік-моңғолдық халықтар тұрады. Мысалы: хотондар, сары ұйғырлар және т.б.

Классификация

Солтүстік моңғолдық топ

  • Ежелгі моңғол жазбасы (классикалық ежелгі моңғол жазуы) — XIII ғ. мен XVII ғ. дейін барлық моңғол тайпаларының ортақ әдеби тілі болған.
    • Орта моңғол тілі (XIII-XVI ғғ.)
    • Буряттар
    • Ішкі Моңғолияның (Қытай) қазіргі замандық әдеби тілі
  • Орта моңғолдық кластер — құрамына қарай бір тілдің үстеуі болатын 3 тіл
    • заманауи моңғол тілі
      • халха моңғолдардың (халха) әдеби тілі — Моңғолия
      • шығыс, орталық және оңтүстік диалекттер — Моңғолия мен Қытай
      • ордос диалектісі — орталық және батыс моңғол тілдері арасында — Қытай
    • бурят тілі (бурят-моңғол) — Ресей, Моңғолия және Қытай
    • хамниган тілі
  • Батыс моңғол (ойрат-қалмақ, моңғол-қалмақ) тілі
    • классикалық (әдеби) ойрат тілі
    • қалмақ тілі (моңғол-қалмақ, ойрат-қалмақ)
    • Қытай мен Моңғолияның ойрат диалектілері

Оңтүстік моңғол тобы

  • шира-юғур тілі — солтүстік моңғол тіліне лексикалы жақын.
  • моңғор тілі (ту, широнғол-моңғол). Батыс әдебиетінде екіге бөлінеді хуцзу және минхэ.
  • баоань-дунсян кластері
    • баоань тілі
    • дунсян тілі
    • канцзя

Моғол тобы

  • моғол тілі — Ауғанстан

Қидан тобы

  • қидан тілі † — қидандардың тілі
  • даур (дағур) тілі

Басқа ежелгі тілдер

  • сяньби тілі — сяньби тайпасының тілі, II—IV ғғ. қазіргі Ішкі Моңғолияның аумағында өмір сүрген.
    • табғаш диалектісі

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Моңғол тілдері туралы ақпарат. Моңғол тілдері деген не? Моңғол тілдері нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Торғай Үстірті

  • Ақпан 25, 2026

    Моңғол тілдері

  • Ақпан 24, 2026

    27 қыркүйек

  • Ақпан 13, 2026

    Татар тілі

  • Ақпан 25, 2026

    Үнді тілдері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары