Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Орда–Ежен ұлысы — Жошының үлкен ұлының ұпағы — Орда-Еженнің басшылығындағы, Алтын Орданың (Жожы ұлысы) шығыс (сол) қанаты. Қазақстандық деректер бойынша атауы:

Орда-Ежен ұлысы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Орда-Ежен ұлысы

Орда–Ежен ұлысы — Жошының үлкен ұлының ұпағы — Орда-Еженнің басшылығындағы, Алтын Орданың (Жожы ұлысы) шығыс (сол) қанаты. Қазақстандық деректер бойынша атауы: Ақ Орда, ежелгіорыс деректері бойынша: Көк орда. Бір сөзбен айтқанда автономиялы мемлекет. В 1309 жылы, Орда-Ежен ұлысы Сасы Бұға тұсында Ақ орда деп аталды. 1361 жылдан бастап, Ұрыс ханның тұсында тәуелсіз мемлекет болды.

Орда-Ежен ұлысы
ұлыс
1242 — 1309(1446)
Астанасы 1242-1280 Орда-Базар
1280-1309 Сығанақ
Тіл(дер)і қыпшақ тілі
Халқы Қыпшақтар
Тарихы
 -  Орда-Ежен ұлысы
 -  Ақ Орда
 -  Барақ хан және оның ізбасарлары
Мирасқорлық
Өзбек хандығы →
Қазақ хандығы →
 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Сақтар
Үйсіндер
Қаңлылар
Ғұндар

Түркі дәуірі

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қарахан мемлекеті (942-1212)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213)
Қыпшақ хандығы

Шыңғыс хан империясы

Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда

Қазақ мемлекеттері

Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Қазақ хандығы (1465—1824)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Отарлық кезең

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Қазақ Республикасы (1917-1991)

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925—1936)
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936—1991)

Қазақстан Республикасы

Қазақстан (1991—қазір)


к • т • ө

Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Шибанның өлімінен кейін, 1280 жылы Орда-Ежен ұлысына Шибан ұлысы қосылды.

Мазмұны

Ұлыс шекарасы

Ұлыс шекарасы батысында Мұғалжар тауымен, солтүстігінде сібір ормандарымен, шығысында Ертіс өзенімен және оңтүстігінде Сырдария өзенімен және Балқаш көлімен шектесіп жатты. Шибан ұлысымен қосылғаннан кейін батысында Орал өзенімен тоғысты.


Ұлыс аудандарға бөлінген:

  • Сығанақ ауданы, ұлыстың оңтүстігінде. Орталық — Сығанақ.
  • Ұлытау ауданы, ұлыстың орталығында. Орталық — Орда-Базар.
  • Шығыс ауданы (Ертіс ауданы) ұлыстың шығысында орналасқан.
  • Сарайшық ауданы ұлыстың батысында орналасқан. Орталық — Сарайшық.

Ұлыс тарихы

Ұлыс тарихын 3 кезеңге бөлуге болады:

  • 1-кезең — Орда-Ежен ұлысы
  • 2-кезең — Ақ Орда
  • 3-кезең — Барақ хан және оның ізбасарлары

1-кезең

Ақ Орда – XІІІ-XVғғ. аралығында өмір сүрген Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан территориясындағы этникалық топтар мен халықтардың саяси жағынан топтасуына жол ашқан, саяси жағынан дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз, сыртқы саясатта өзіндік даму бағыты бар мемлекеттік бірлестік. Оның тарихы Жошы ұлысының құрылуынан бастау алады. Мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Жошының үлкен ұлы, тұңғышы Орда-Ежен аталады. Шын мәнінде, Жошы ұлысының жерін оның екінші ұлы Бату(шын есімі Сайын) иеленеді. Бірақ ағасына құрмет ретінде оған өзінің сол қанатынан, Жайықтан шығысқа қарай, Арал мен Сырдарияның солтүстігіндегі, Алтай мен Ертістен батысқа қарай жатқан кең-байтақ аумақты бөліп береді. Негізгі этникалық құрамы осы жерді VIII-IХ ғ-дан бері мекендеп келе жатқан қыпшақ бірлестігі мен қатар Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде шығыс пен оңтүстік-шығыстан, Алтайдан қоныс аударған тайпалар да болған. Олардың қатарында наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейлер, қоңыраттар, маңғыттар және т.б. ру-тайпалар.

2-кезең

3-кезең

Орда-Ежен ұлысының хандары

  1. Орда Ежен хан, Жошы хан ұлы 1242—1251
  2. Күнқыран хан, Орда-Ежен хан ұлы 1251—1288, Шибан 1280—1288 ұлысының ханы
  3. Қоныша хан, Сартақтай оғлан ұлы, Орда-Ежен хан немересі 1288—1302
  4. Баян хан, Қоныша хан ұлы 1302—1309
  5. Сасы Бұға, Баян хан ұлы 1309—1320
  6. Ерзен-хан, Сасы Бұға-хан ұлы 1320—1337
  7. Мүбәрәк Қажы-хан, Ерзен-хан ұлы 1337—1341
  8. Шымтай-хан, Ерзен-хан ұлы 1344—1361
  9. Ұрыс-хан, Шымтай-хан ұлы 1361—1377, Алтын Орда ханы 1374—1375
  10. Тоқтақия-хан, Ұрыс-хан ұлы 1377
  11. Темір Мәлік-хан, Ұрыс-хан ұлы 1378—1379
  12. Тоқтамыс, Түй-Қожа оғлан ұлы 1379—1395
  13. Кұйыршық, Ұрыс-хан ұлы 1395—1410
  14. Барақ-хан, Құйыршық хан ұлы 1410—1428, Алтын Орда ханы 1423—1428

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Орда-Ежен ұлысы туралы ақпарат. Орда-Ежен ұлысы деген не? Орда-Ежен ұлысы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Қазан төңкерісі

  • Ақпан 10, 2026

    13 қыркүйек

  • Ақпан 15, 2026

    Қарайым тілі

  • Ақпан 24, 2026

    Түрікменабат

  • Ақпан 12, 2026

    Қырғызстан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары