Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түрікменстанның мемлекеттік елтаңбасы (түрікм. Türkmenistanyň Döwlet tugrasy) — Түрікменстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі, елдің елтаңбасы.

Түрікменстан елтаңбасы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Түрікменстан елтаңбасы

Түрікменстанның мемлекеттік елтаңбасы (түрікм. Türkmenistanyň Döwlet tugrasy) — Түрікменстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі, елдің елтаңбасы.

Түрікменстан елтаңбасы

Нұсқалар


2000–2003 жылғы нұсқасы


1992–2000 жылғы нұсқасы

Негізгі ақпараттар
Иелік етуші

 Түрікменстан

Дулыға

жарты ай мен 5 ақ жұлдыз

Негізі

Рубғ пішіні

Басқа элементтер

елтаңба ортасындағы көк дөңгелектің орталығында Ахал теке, ол 5 түрлі оюмен қоршалған; барлығының сыртында бидай мен мақта бұтақтары салынған

Мазмұны

Сипаттамасы

 
Түрікменстан туындағы түстері мен кейбір символдарын елдің елтаңбасында да табуға болады

Елтаңбаның пішіні — Рубғ символына ұқсас сегізбұрышты жасыл жұлдыз.

Елтаңба орталығындағы көк дөңгелектің ішінде салынған Ахал теке жылқысы бейнеленген. 2000 жылы пайда болған ресми дереккөздерге сүйенсек, бұл — тұңғыш президент Сапармұрат Ниязовтың жылқысы Янардаг (орыс.)қаз. (түрікм. Ýanardag, жанар тау).

Көк дөңгелектің сыртында 5 түрлі оюы бар қызыл дөңгелек салынған. Бұл оюлар түрікмен халқының 5 басты руларын білдіреді: Теке, Йомуд, Сарык, Чавулдур және Әрсары рулары.

Оюлар сыртында бидай мен мақта бұтақтары, және үстінде жарты ай мен 5 ақ жұлдыз бейнеленген. Бұл 5 жұлдыз елдің бес уәлаятын: Ахал, Балқан, Дашоғыз, Лебап және Мары білдіреді. Сол жағында 5 жұлдызы бар солға қараған жарты айды, елтаңбаның жасыл түсін және рулардың оюларын Түрікменстан туында да табуға болады.

Тарихы

Түрікменстан — посткеңестік кеңістікте тәуелсіздігінен бері өз елтаңбасын ең көп өзгерткен мемлекет болып келеді: қазіргі рәмізі 1992 жылдан бері қабылданған 3-елтаңбасы болып келеді.

Елдің тұңғыш елтаңбасы жасыл түстің орнына сары түсті көбірек қолданған еді, және жалпы символдары мен олардың орналасуы қазіргі нұсқасына ұқсаса да, түсі және пропорциялары өзгеше болып келеді.

2000–2003 жылдары қолданылған нұқса керісінше қазіргісіне жақынырақ болған, оның түстері тудағыға ұқсас болып жасыл мен қызылға өзгертілді.

Бірінші (1992–2000) және екінші (2000–2003) нұсқалардың пішіні шеңбер болған. 2003 жылы президент Сапармұрат Ниязов екінші нұсқаның пішінін Рубғқа ұқсас сегізбұрышқа өзгертті, себебін «көне түрікмен сегізбұрышы молшылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың символы болып саналған» деп айтып кеткен.

Тарихи елтаңбалары

  •  
    1 сәуір 1927 және 2 наурыз 1937 аралығындағы Түрікмен КСР елтаңбасы
  •  
    2 наурыз 1937 және 13 сәуір 1978 аралығындағы Түрікмен КСР елтаңбасы
  •  
    13 сәуір 1978 және 27 қазан 1991 аралығындағы Түрікмен КСР елтаңбасы
  •  
    19 ақпан 1992 мен 27 қараша 2000 аралығындағы Түрікменстан елтаңбасы
  •  
    27 қараша 2000 мен 15 тамыз 2003 аралығындағы Түрікменстан елтаңбасы

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Түрікменстан елтаңбасы туралы ақпарат. Түрікменстан елтаңбасы деген не? Түрікменстан елтаңбасы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    17 қыркүйек

  • Ақпан 25, 2026

    Үйсін мемлекеті

  • Ақпан 24, 2026

    Қимақ қағанаты

  • Ақпан 18, 2026

    Окситан тілі

  • Ақпан 25, 2026

    Білім қоғамы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары