Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қытай тілі (қыт. дәст. 漢語, жеңіл. 汉语, пінин: hànyǔ) — кең таралған тіл немесе тіл шоғыры (өзара ұқсас көптеген диалектілерден тұрады), Қытай Халық Республикасын

Қытай тілі

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Қытай тілі

Қытай тілі (қыт. дәст. 漢語, жеңіл. 汉语, пінин: hànyǔ) — кең таралған тіл немесе тіл шоғыры (өзара ұқсас көптеген диалектілерден тұрады), Қытай Халық Республикасының хань (мандарин) қытай көпшілігі мен шағын ұлттары сөйлейтін тіл. Қытай тілі Қытай-Тибет тіл отбасысына жатады. Сондай-ақ қытай тілінде Индонезия, Камбоджа, Лаос, Вьетнам, Мьянма, Малайзия, Тайланд, Сингапур, Бруней, Гонконг, Макао, Филиппин, Жапония, Корея және әлемнің басқа бөліктерінде (30 миллионнан астам өзге ұлт өкілдері) сөйлейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми және жұмыс тілдерінің бірі.

Қытай тілі

Қытай тілінің таралуы:

     Қытай тілі ресми н/е мемлекеттік тіл

     Көптеген тасымалдаушысы бар мемлекеттер
Өз атауы:

中文, 漢語 [汉语]

Елдер:

Қытай Халық Республикасы, Қытай Республикасы, Сингапур, Филиппин, Малайзия, Индонезия, Шығыс Тимор, Таиланд, Вьетнам, Мьянма, Камбоджа, АҚШ, Ресей, Үндістан

Ресми күйі:

Қытай Халық Республикасы
Қытай Республикасы
Сингапур
Гонконг
Макао

Ұйымдар:
БҰҰ
ШЫҰ

Реттейтін мекеме:

Қытай: Қытай ұлттық тілі комитеті
Тайвань: Тайвань ұлттық тілдерді дамыту институты
Сингапур: Білім беру министрлігі

Сөйлеушілер саны:

1,39 млрд (2025)

Рейтинг:

1

Күйі:

Қауіпсіздікте

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Сино-Тибет әулеті

Қытай тілі
Жазуы:

қытай жазуы, пінин, кирил (дүнген)

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

GB/T 315

ISO 639-1:

zh

ISO 639-2:

zho

ISO 639-3:

zho

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Қытай тілінің басты ерекшеліктері:

  • Қытай тілінде төрт үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады;
  • әрбір иероглиф бір буын болып есептеледі;
  • жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфолагиялық түрлену болмайды;
  • сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізінде грамматикалық мағына айқындалады.

Тарихи жазбаларға қарағанда Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалған. Ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен үлкен жеті топқа бірігеді: олар – Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытай әдеби тілі солтүстік диалекті негізінде қалыптасқан. Осы тіл мен ортақ иероглиф болмаса әр диалектіде сөйлейтіндер бір-бірін еркін түсіне бермейді. 12–13 ғасырларда кітаби тіл – Байхуавин (жаңаша әдеби тіл мағынасында) қалыптасты, «Су бойында», «Оқымыстылар шежіресі», «Қызыл сарай түсі» сияқты көркем туындылар осы тілде жазылған. Қытай тілін жаңаша ғылыми түрде зерттеу Ма Дзянь Джунның «Ма Ши Вань ун» (1898 жылы) атты грамматикалық еңбегінен басталады.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Қытай тілі туралы ақпарат. Қытай тілі деген не? Қытай тілі нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Гетеротрофты ағзалар

  • Ақпан 25, 2026

    Ислам діні

  • Ақпан 24, 2026

    Қарақалпақтар

  • Ақпан 09, 2026

    Құрама Патшалық

  • Ақпан 19, 2026

    Жапон тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары