Үкімет басшысы — мемлекеттегі жоғарғы алқалы органының атқарушы билігінің немесе оның өзін-өзі басқаратын бөлігінің басшысы.
Үкімет басшысы, конституциялық құқықта — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органының жетекшісі: парламентарийлер басқаратын елдерде — премьер-министр, министрлер кеңесінің төрағасы, канцлер; үкімет басшысы жоқ президенттік республикаларда оның атқарымын орындаушы — президент. Парламентарийлік елдерде Үкімет басшысын қызметке мемлекет басшысы тағайындайды. Әдетте не парламент сайлауында жеңіске жеткен саяси партияның көшбасшысы, не үкімет одағын құрайтын партиялар көшбасшыларының бірі Үкімет басшысы болады.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Үкімет басшысы туралы ақпарат. Үкімет басшысы деген не? Үкімет басшысы нені білдіреді?