Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография ·

Өсімдіктер морфологиясы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Өсімдіктер морфологиясы
Ботаника бөлімі

Өсімдіктер морфологиясы

Зерттеу нысандары

Өсімдіктер · Балдыр
Саңырауқұлақтар т.с.с.

Ботаника бөлімдері

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы…

Атақты ботаниктар

Теофраст
Жозеф Питтон де Турнефор
Карл Линней
Адольф Генрих Густав Энглер
Армен Леонович Тахтаджян

Тарих

Ботаника тарихы

к • т • ө

Өсімдіктер морфорлогиясы ( гр. morphe – пішін, бейне және гр. logos – ілім) – өсімдіктердің жекеше даму барысындағы ішкі құрылысы мен пішінін зерттейтін ғылым; ботаника саласы.

Қазақстанда Өсімдіктер морфорлогиясы саласындағы зерттеулер жоғары және төмен сатыдағы өсімдіктер флорасын зерттеуге, республикада өсетін өсімдіктер картасын жасауға байланысты 20 ғ-дың 50 жылдарында басталды. Зерттеу жұмыстарымен ҚР Білім және ғылым министлігінің Ботаника және фитоинтродукция институты, Бас ботаник. бақ, ҚазҰУ, кейбір ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындары шұғылданады. Өсімдіктер морфорлогиясының негізгі зерттеу тәсілі – бақылау мен бейнелеу, сонымен қатар өсімдіктердің осы күнгі және ежелгі түрлерін салыстыру.

Сыртқы ортаның өсімдік құрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы анықтайды.

Тарихи тұрғыдан өсімдіктер морфологиясы сипаттамалық морфология ретінде дами бастады, өсімдіктер әлемінің түрлерінің әртүрлілігін сипаттаумен айналысады. Ботаника толыққанды ғылым ретінде сипаттамалық морфология бойынша Карл Линней (1707-1778) еңбектерінің арқасында ғана дами бастады.

Өсімдіктер морфорлогиясының негізінде ботаника ғылымының жеке салалары бөлінді:

  • органография — өсімдіктер морфологиясының негізгі бөлімі; өсімдік мүшелерінің сыртқы құрылымын сипаттаумен және салыстырмалы талдаумен айналысады;
  • өсімдіктер анатомиясы — жасуша мен ұлпалар деңгейінде өсімдіктердің құрылымын зерттеу;
  • өсімдіктер эмбриологиясы — өсімдік ұрығының пайда болу, құрылу және даму заңдылықтарын зерттеу;
  • өсімдіктер цитологиясы - өсімдік жасушасын зерттеу;
  • өсімдік гистологиясы — өсімдік тіндерін зерттеу;
  • биоморфология, немесе экологиялық морфология — өсімдіктердің жеке даму процестері, соның ішінде олардың мүшелерінің қалыптасу заңдылықтары мен қоршаған орта факторлары арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді зерттеу. Өсімдіктер морфологиясының бұл бөлімі әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында белсенді дами бастады.

Өсімдіктер морфорлогиясы зерттейтін нысанына қарай:

  • полинология
  • карпология
  • ризология .

Тағы қараңыз

  • Өсімдіктер физиологиясы
  • Өсімдіктер биотехнологиясы
  • Өсімдіктер биохимиясы
  • Өсімдіктер генетикасы
  Бұл — ботаника бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Өсімдіктер морфологиясы туралы ақпарат. Өсімдіктер морфологиясы деген не? Өсімдіктер морфологиясы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Солтүстік Корея

  • Ақпан 25, 2026

    Ресей рублі

  • Ақпан 24, 2026

    Үндестік заңы

  • Ақпан 24, 2026

    Тәуелсіздік күні

  • Ақпан 25, 2026

    Кербұлақ ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары