Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ырғызбай Айдосұлы (шамамен 1744, қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз өзенінің бойы – 1785, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауының баурайы) — би

Ырғызбай Айдосұлы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ырғызбай Айдосұлы
 Басқа мағыналар үшін Ырғызбай Досқанаұлы деген бетті қараңыз.

Ырғызбай Айдосұлы (шамамен 1744, қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз өзенінің бойы – 1785, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауының баурайы) — би.

Өмірбаяны

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың үшінші атасы. Ырғыз өзеннің бойында туған Ырғызбайдан анасы Айпара: “Шынжыр балақ, шұбар төс – Ырғызбайым” деп үлкен үміт күткен. Ол жастайынан өлең сөзге жүйрік, шешен болып өседі, өз ортасының беделі асқан жігітіне айналады. Тобықтының атақты биі Кеңгірбай Жандосұлы Ырғызбайды қасына ертіп, ел ішіндегі дау-дамайға, бітім-билікке араластырады. Кейін өзі де құн дауы, жесір дауы сияқты қазақ арасындағы күрделі мәселелерді шешуге белсене қатысады. Ол жоңғар шапқыншылығы кезінде үдере көшкен руластарын Шыңғыстау өңіріне бастап әкеліп қоныстандыруға көп еңбек сіңірді. Қалмақтарға қарсы шайқастарда батырлығымен көзге түсіп, Абылай ханның жақын сырлас достарының бірі болды. Үлкен ас, дүбірлі жиындарда күреске түсіп, палуандығымен де аты шыққан. Атақты Ер Жәнібек батырдың қызына үйленген. Ырғызбайдың Өсер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай атты ұлдарының ішінен Өскенбайы елге қадірлі басшы, әділетті би, тапқыр шешен болғаны белгілі. М.Әуезов “Абай жолы” роман-эпопеясында, Абай туралы жазған зерттеулерінде Ырғызбайға ерекше тоқталады. Шәкерім де өзінің 1911 жылы Орынборда шыққан “Түрік, қырғыз їәм хандар шежіресі” атты кітабында төртінші атасы Ырғызбай туралы үлкен ілтипатпен жазады. Ырғызбай Шыңғыстау ішіндегі Бөкенші өзеннің бойындағы әулеттік қорымда жерленген.

Әдебиеттер

  • Сапаралы Б., Байшөгел, А., 1995;
  • Әуезов М., Абайды білмек парыз ойлы жасқа, А., 1997;
  • Жанболатұлы М., Тобықты – Шыңғыстау шежіресі, А., 2004.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ырғызбай Айдосұлы туралы ақпарат. Ырғызбай Айдосұлы деген не? Ырғызбай Айдосұлы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 10, 2026

    Өсімдіктер экологиясы

  • Ақпан 22, 2026

    14 желтоқсан

  • Ақпан 10, 2026

    Еуропалық кеңес

  • Ақпан 25, 2026

    Православ шіркеуі

  • Ақпан 24, 2026

    7 қыркүйек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары