Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұжымдық қауіпсіздік — 20 ғасырдың бас кезінен бастап халықаралық қатынастарда келісімшарттар жасасу арқылы бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылу жолы. Ұжымдық қ

Ұжымдық қауіпсіздік

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ұжымдық қауіпсіздік

Ұжымдық қауіпсіздік — 20 ғасырдың бас кезінен бастап халықаралық қатынастарда келісімшарттар жасасу арқылы бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылу жолы. Ұжымдық қауіпсіздікке қол қойған елдерге қарсы басқа бір ел шапқыншылық жасайтын болса, шарт бойынша олар бірлесіп шапқыншыға тойтарыс береді. Ұжымдық қауіпсіздік теория тұрғысынан пайдалы. Алайда халықар. құқық нормасы ретінде іске асуы өте күрделі. БҰҰ өзінің хартиясында көрсеткенімен (52-бап) атомдық қару заманында Ұжымдық қауіпсіздік шындықтан алыстай түседі. Әсіресе, атом қаруын қауіпсіздік мақсатында шапқыншыға қарсы қолдану қауіпті. Егер ол ел өзінің атом қаруымен қарсы жауап берсе, адамзатқа аса зор қатер төнеді. Қазақстан әлемде өзінің ядр. қаруынан толықтай бас тартқан тұңғыш мемлекет. Осыған орай ядр. қарулары бар мемлекеттер Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр. Алайда әлемдік саясатта, геоэкон. жағдайда әр ел өз мүддесін ойлайды. Түбінде өзінің төл мүдделерінің орындалуы жолында әрекет жасайды. Сондықтан әрбір ел әлемдік геосаяси ойындардың құрбаны болмауды ойластырады. Ұжымдық қауіпсіздік қаншама тартымды болғанымен, саяси тартыстарда қандай да болмасын мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі бола алмайды. Бірақ Ұжымдық қауіпсіздікке мүше болу еш уақытта зиянды емес. Белгілі бір шекке дейін әр ел Ұжымдық қауіпсіздікті өз пайдасына жұмыс еткізе алады. Ұжымдық қауіпсіздік мемлекеттер үшін күрделі әлемдік қатынастарда өз орнын анықтауға және нығайтуға көмектеседі.Ұжымдық қауіпсіздік - халықаралық құқық, халықаралық даужанжалдарды бейбіт реттеу, бейбітшілікке төнген қауіптің алдын алу, тыйып тастау, жоюдың үжымдық шараларының ережелері мен қағидаттарының жалпы мойындалған жүйесі. Ұжымдық қауіпсіздік БҰҰ Жарғысының талаптарына негізделген халықаралық қауымдастық мүшелерінің әрекеттерінен көрініс табады. Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөлді НАТО, Араб мемлекеттері Лигасы, Америка мемлекеттері Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік Үйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сияқты мемлекетаралық құрылымдар атқарады. Бүл халықаралық құрылымдар өз қызметтерін келесідей қағидаттарға сүйеніп жүзеге асырады: күш қолдануды және қолдануға қоқанлоққы көрсетуге тыйым салу; халықаралық даужанжалдарды тек бейбіт жолдар мен қүралдар арқылы шешу; егемендікті қүрметтеу; мемлекеттер теңдігі; ішкі істерге араласпау.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ұжымдық қауіпсіздік туралы ақпарат. Ұжымдық қауіпсіздік деген не? Ұжымдық қауіпсіздік нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 12, 2026

    АҚШ президенті

  • Ақпан 25, 2026

    Моңғол тілдері

  • Ақпан 09, 2026

    Гүлді өсімдіктер

  • Ақпан 24, 2026

    24 қыркүйек

  • Ақпан 25, 2026

    Туу коэффициенті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары