Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шафиғи мазһабы — негізін имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи қалаған мазһабты ұстанушылар. 8-9 ғасырларда пайда болған. Мазһабтың негізін салушы Мұхаммед ибн Идри

Шафиғи мазһабы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Шафиғи мазһабы

Шафиғи мазһабы — негізін имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи қалаған мазһабты ұстанушылар. 8-9 ғасырларда пайда болған. Мазһабтың негізін салушы Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи (767 — 820). Бағдат пен Меккеде тәуелсіз муджтаһид ретінде қызмет етті. Оның негізгі шығармалары: жеті томдық фиқһ негіздері жайлы «Китаб әл-умм», хадистер жинағы, хадистерді салыстыру туралы «Ифтилах әл-хадис», құқық негіздері (усуль әл-фиқһ) жайлы «Рисала фи илм әл-усул». Шафиғи мазһабы бітімшіл, басқаша айтқанда ханафилік және мәлікшілдік мазһабтардың қағидаларын қабылдай отырып, солардың ықпалымен қалыптасқан. Оның негізгі принциптері бойынша Құран мен Сүннет біртұтас түпнұсқа ретінде қарастырылады: сүннет Құранды толықтыратын қосымша, ал ижмағ Құран мен Сүннетке қосымша. Мәлікшілдер мазһабынан шешімді қоғамдық мақсаттың пайдасына шығару принципі алынып, ол еркін тұжырым жасау немесе өздігінен құқықтық түпнұсқа болып саналмайтын ғұрып өлшемдері негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша ханафилік мазһабпен салыстырғанда шафиғи мазһабы тура ұқсату жолымен (қияс) шешім қабылдауды мойындай отырып, күрделі логикалық талдауды айналып өтуге жағдай жасады. Ал мәлікшілдік мазһабынан өзгешелігі шафиғишілер Құран мен Сүннет текстерімен бірге мединелік қауымдастықтың құқықтар жинағын егжей-тегжейлі білуді талап еткен жоқ. Өйткені мұны білу фақиһтердің көпшілігі үшін мүмкін емес болатын. Өзінің қарапайымдылығына байланысты шафиғишілер мазһабы Сирия мен Иракта ханафилік және мәлікшілдік мазһабты тез ығыстырып шығарып, Мысырда берік орнықты, басқа елдерге де тез таралды. Қазіргі кезде шафиғишілер Сирияда, Ливанда, Палестина мен Иорданиядағы басым мазһаб болып саналады. Иракта, Пәкістанда, Үндістанда оны жақтаушылар көп.

Таралу аймағы

  •  
    Мазһабтар географиясы

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Шафиғи мазһабы туралы ақпарат. Шафиғи мазһабы деген не? Шафиғи мазһабы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Орталық Қазақстан

  • Ақпан 24, 2026

    26 қыркүйек

  • Ақпан 24, 2026

    Девон кезеңі

  • Ақпан 25, 2026

    Қарағанды облысы

  • Ақпан 10, 2026

    5 қыркүйек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары