Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

47°45′42″ с. е. 82°48′24″ ш. б. / 47.76167° с. е. 82.80667° ш. б. / 47.76167; 82.80667 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°45′42″ с. е. 82°48′24″ ш. б. / 47.76167° с. е

Ақсуат ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ақсуат ауданы

Ақсуат ауданы — Абай облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Ақсуат ауылы.

Қазақстан ауданы
Ақсуат ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Абай облысы

Аудан орталығы

Ақсуат

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

27

Әкімі

Ерсін Кәдірбекұлы Ескендіров

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақсуат ауылы, Төлегетай баба көшесі, №1

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°45′42″ с. е. 82°48′24″ ш. б. / 47.76167° с. е. 82.80667° ш. б. / 47.76167; 82.80667 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°45′42″ с. е. 82°48′24″ ш. б. / 47.76167° с. е. 82.80667° ш. б. / 47.76167; 82.80667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

7 маусым 2022 жыл

Жер аумағы

13,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

19 735 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (99,42%), немістер (0,18%), орыстар (0,07%), татарлар (0,07%), басқа ұлт өкілдері (0,26%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Ақсуат ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ақсуат ауданы

Облыс картасындағы Ақсуат ауданы

Мазмұны

Географиясы

Аудан батысында Аягөз және Жарма аудандарымен, солтүстігінде Көкпекті ауданымен, оңтүстігінде Үржар, Мақаншы аудандарымен мен ҚХР аумағымен, шығысында ШҚО-ның Тарбағатай ауданымен шектесiп жатыр.

Тарихы

Ақсуат ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының құрамында Көкпекті және Тарбағатай аудандарының бөліктерінен құрылды.

1939 жылы 14 қыркүйекте Ақсуат ауданы Семей облысына кірді. Сонымен бірге оның құрамына Ақжайлау, Ақсуат, Алғабас, Ерназар, Қарғыба, Қызылқайың, Қызылкесек, Көкжирен, Көктүбек, Құмкөл, Ойшілік, Сталин және Үшарал ауылдық кеңестері кірді.

1954 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Ерназарға, Көктүбек - Көкжиренге, Сталин - Қызылкесекке, Қызылқайың - Ақсуатқа қосылды. Қарғыба ауылдық кеңесі таратылды.

1958 жылы Үшарал ауылдық кеңесі Аягөз ауданына берілді.

1963 жылы 2 қаңтарда Ақсуат ауданы жойылып, оның аумағы Көкпекті ауданына берілді.

1964 жылы 31 желтоқсанда Ақсуат ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Көкпекті ауданының Ақсуат, Ақжайлау, Ерназар, Қызылкесек, Көкжирен, Құмкөл және Ойшілік ауылдық кеңестері кірді.

1965 жылы Ақжайлау ауылдық кеңесі жойылып, Алғабас ауылдық кеңесі құрылды.

1971 жылы Сәтпаев ауылдық кеңесі, 1980 жылы Жданов ауылдық кеңесі құрылды.

1989 жылы Жданов ауылдық кеңесі Екпек болып өзгертілді.

1993 жылы Ерназар ауылдық кеңесі Ырғызбай, Алғабас ауылдық кеңесі Кіндікті болып өзгертілді.

1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Ақсуат ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.

1997 жылы 23 мамырда Ақсуат ауданы жойылып, оның аумағы Тарбағатай ауданына берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес 2022 жылы 7 маусымда Ақсуат ауданы Тарбағатай ауданының құрамынан бөлініп, жеке аудан болып қайта құрылды.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 2009 2021 2023
12459 ▲15370 ▲28205 ▲32112 ▲33100 ▼21276 ▼19916 ▼19735

Әкімшілік бөлінісі

27 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақсуат ауылдық округі 6126 ▲ 7183 117,3 3025 ▲ 3617 119,6 3101 ▲ 3566 115
Екпін ауылдық округі 1997 ▼ 1907 95,5 1024 ▼ 949 92,7 973 ▼ 958 98,5
Көкжыра ауылдық округі 2410 ▼ 2143 88,9 1214 ▼ 1107 91,2 1196 ▼ 1036 86,6
Кіндікті ауылдық округі 769 ▼ 682 88,7 439 ▼ 373 85 330 ▼ 309 93,6
Құмкөл ауылдық округі 2321 ▼ 1901 81,9 1175 ▼ 976 83,1 1146 ▼ 925 80,7
Қызылкесік ауылдық округі 2784 ▼ 2149 77,2 1422 ▼ 1120 78,8 1362 ▼ 1029 75,6
Ойшілік ауылдық округі 2442 ▼ 1984 81,2 1291 ▼ 1060 82,1 1151 ▼ 924 80,3
Сәтбаев ауылдық округі 1232 ▼ 925 75,1 633 ▼ 473 74,7 599 ▼ 452 75,5
Ырғызбай ауылдық округі 1195 ▼ 1042 87,2 599 ▼ 534 89,1 596 ▼ 508 85,2
ЖАЛПЫ САНЫ 21276 ▼ 19916 93,6 10822 ▼ 10209 94,3 10454 ▼ 9707 92,9

Әкімдері

  1. Асхат Сайдахметұлы Смаилов (07.2022—09.2024)
  2. Ерсін Кәдірбекұлы Ескендіров (12.2024 бастап)

Әдебиет

  • Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ақсуат ауданы туралы ақпарат. Ақсуат ауданы деген не? Ақсуат ауданы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 09, 2026

    28 желтоқсан

  • Ақпан 16, 2026

    19 желтоқсан

  • Ақпан 25, 2026

    Жабық тұқымдылар

  • Ақпан 25, 2026

    Қыпшақ Хандығы

  • Ақпан 09, 2026

    Септік жалғау

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары