Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Иснад - Сахих - Хасан - Муснад - Муттасыл - Даиф - Муғалләқ - Мурсал - Муғдал - Мунқати - Мункар - Шазз - Мудтариб - Мауду - Мутауатир - Ахад - Мәшһүр - Әзиз -

Сахих әл-Бұхари

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Сахих әл-Бұхари

◈ ◈

Сахих әл-Бұхари
Хадис
Хадис
(حديث)

Islamic text

Тарихы

Пайғамбарлық заманы - Пайғамбарлық заманынан кейін

Категориялары

Сахих - Хасан - Даиф - Мауду -

Терминология

Иснад - Сахих - Хасан - Муснад - Муттасыл - Даиф - Муғалләқ - Мурсал - Муғдал - Мунқати - Мункар - Шазз - Мудтариб - Мауду - Мутауатир - Ахад - Мәшһүр - Әзиз - Ғариб - Марфуғ - Мауқуф - Мақтуғ - Исраилият

Жинақтар
Сунни
Кутуб әс-Ситта - ( Алты кітап )

Сахих әл-Бұхари ( صحيح البخاري )
Сахих Муслим ( صحيح مسلم )
әс-Сунан әс-Суғра ( السنن الصغرى )
Сунан Әбу Дәуд ( سنن أبي داود )
Сунан әт-Тирмизи ( جامع الترمذي )
Сунан Ибн Маджаһ ( سُنن ابن ماجه )

Басқа

Муатта имам Малик - Муснад имам Ахмад (780–855) - Сунан әд-Дарими (868) - Шамаил Мухаммадия көбінесе Шамаил Тирмизи (9 ғ:) - Сахих Ибн Хузәйма (923) - Сахих Ибн Хиббан (965) - әл-Мустадрак алә әс-сахихайн (1014) - Маудуғат әл-Кубра (1128–1217) - Рияд әс-Салихин (1233–1278) - Мишкат әл-Масабих (1340) - Тәлхис әл-Мустадрак (1274–1348) - Маджма әз-Зәуәид (1335–1405) - Булуғ әл-Марам (1372–1449) -

Шиға
Кутуб әл-Арбаға - ( Төрт кітап )

Китаб әл-Кафи ( الكتاب الكافي )
Мән лә йахдуруһу әл-фақиһ ( من لا يحضره الفقيه )
Тәһзиб әл-Кәмәл ( تهذیب الاحکام )
Әл-Истибсар ( الاستبصار )

Ибади

Әл-Джамиғ әс-Сахих - Тәртиб әл-Муснад

Мутазила

Шарх Нәдж әл-Баләға (?–1258)

Басқа мақалалар

Хадис ғылымы - Өмірбаяндарды бағалау - Әһл әл-Хадис -

әл-Жамиъ әл-Муснад әс-Сахих (араб.: الجامع الصحيح‎, Сахих әл-Бұхари деген атаумен белгілі араб.: صحيح البخاري‎), имам Мұхаммад әл-Бұхаридің сахих хадистер жинағы, Алты кітаб хадис жинақтары кітабтарының бірі. Бұл Пайғамбар салттары, немесе хадистер, ауызша сол замандағы адамдарға берілгеннен кейін парсы мұсылман ғалымы Мұхаммад ибн Исмаил әл-Бұхари жинаған еңбегі. Сүннит мұсылмандар Сахих Мүслим және әл-Муатта жинақтарымен қатар ең сенімді үш жинақтардың бірі деп есептейді.

Кейбір дін мамандары бұны Құраннан кейінгі ең шүбәсіз кітап деп қарастырады.Араб тіліндегі сахих сөзі шүбәсіз немесе шынайы деген мағыналарды береді. ү

Мазмұны

Жалпылама шолу

Әл-Бұхари 16 жасынан бастап Аббас империясын кеңінен шарлап өз жинағына мағлұмат жинай бастаған. Әл-Бұхари 300,000-нан аса хадис және 2,602 салтты өзінің жинағына қосқан. Бұхари алдыңғы еңбектерді жинап зерттегенде олардың ''сахих'' пен ''хасан'' және олардың көпшілігінде ''да'иф'' хадистері барын байқаған. Бұл оның еш шүбәсіз хадистер жинау қызығушылығын оятты. Оның әрі қарайғы шешіміне оның ұстазы ибн Рахояһ атымен белгілі Ишақ ибн Ибрахим әл-Ханталиидің айтқына себеп болды. Әл-Бұхаридың айтуы бойынша ол “Біз Ишақ ибн Рахояһпен болғанда ол ‘Пайғамбарымыздың тек қана еш шүбәсіз жеткен хадистерін бір кітапқа жинасақ етті’ деген. ”Бұл ұсыныс менің жүрегімде қалып қалды, содан мен Сахих жинауға кірістім” - дейді әл-Бұхари, “Мен Пайғамбарымызды түсімде көрдім және онда мен Оның алдында тұр екенмін. Ал қолымдағы желпуішпен мен Оны қорғап тұр екенмін. Мен түс жоритындардан сұрағанда олар маған ‘Сен Оны өтіріктерден қорғайтын боласың’ деген. Міне осы жайттар мені Сахихты шығаруға итермеледі.” Кітапта тікелей Мұхамед (САС) пайғамбарымыздан қалай намаз оқып, дұға етуден бастап басқа да өмірлік жағдайларда қалай әрекет ету нұсқаулары келтірілген. Бұхари еңбегін шамамен 846 жылы тәмамдады, ал өмірінің соңғы жиырма төрт жылын басқа қаларда ғалымдармен кездесумен, өзі жинаған хадистерді оқытумен болды. Ол барған әр қалада мыңдаған адамдар негізгі мешіттерінде оның ілімін тыңдауға жиналатын.

Ерекше сипаттары

Әмин Ахсан Ислаһи, танымал мұсылман ғалымы, Сахих әл-Бұхаридың үш ерекше қаситтерін атап өткен:

  1. Іріктелген хадистерді жеткізушілер тізімінің сапасы мен ұқыптылығы. Бұхари имам өзінің сенімді хадистерді іріктегенде екі негізгі қағиданы ұстанған . Біріншісі, біріншіден жеткізуші өмір сүрген кезеңінің қабылдаған адамның өмір сүру уақытысымен қиылысуы. Екіншісі, осы екі адамның өзара кездесунің дәлелі болу тиіс. Олар ашық қайдан осы мәліметтерді алғанын айтулары керек. Бұл Имам Мұслим қойған талаптардан да қатал критерийлер.
  2. Бұхари Имам тек сеніп қана қоймай, оның білуі бойынша, Ислам ілімін оқытумен айналысатындардың ғана хадистерін қабылдаған. Осылайша, ол Муржиттертің айтқандарын қабылдамады.
  3. Тараулардың ерекше орналасу мен тәртібі. Бұл автордың терең білдімділігін және дінді өте жақсы түсінетіндігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде кітапты діни тәртіптерді түсінуде өте пайдалы нұсқауға айналдырды.

Сенімділігі

Хадистер саны

Ибн әл-Саләнің айтуы бойынша: "Қайталанып келетін хадистер санымен алса 7,275 ал қайталабайтын хадистер саны 4,000."

Шархтер (түсіндірмелер)

  1. Шарх Ибн Касир (д.ө.: 774Һ)

Аудармалары

әл-Жамиъ әс-Сахих кітабын ағылшын тіліне аударған салаф ғалымы Мұхаммад Мухсин Хан болды.

Сілттемелер

  1. Mabadi Tadabbur-i-Hadith, Amin Ahsan Islahi
  2. The Canonization of Al-Bukhari and Muslim: The Formation and Function of the Sunni Hadith Canon by Jonathan Brown, BRILL, 2007
  3. Muqaddimah Ibn al-Salah, pg. 160-9 Dar al-Ma’aarif edition
  4. Meaning of sahih. Islamic-Dictionary.com. Тексерілді, 13 мамыр 2010.
  5. The number of authentic hadith. Ibnamin.com. Тексерілді, 13 мамыр 2010.
  6. Abridged from Hady al-Sari,the introduction to Fath al-Bari, by Ibn Hajr, pg. 8–9 Dar al-Salaam edition.
  7. Mabadi Tadabbur-i-Hadith, Amin Ahsan Islahi
  8. Nuzhah al-Nathr, pg. 154
  9. Full translation from the USC-MSA. Usc.edu. Тексерілді, 26 қыркүйек 2010.

Сыртқы сілттемелер

  • Translation from Center for Muslim-Jewish Engagement

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Сахих әл-Бұхари туралы ақпарат. Сахих әл-Бұхари деген не? Сахих әл-Бұхари нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 17, 2026

    Парасат ордені

  • Ақпан 17, 2026

    Ырғызбай Айдосұлы

  • Ақпан 17, 2026

    Албан тілі

  • Ақпан 24, 2026

    23 қыркүйек

  • Ақпан 24, 2026

    Девон кезеңі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары