Платиндық металдар, платиноидтар — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобының екінші және үшінші триадасында орналасқан алты рутений (Ru), родий (Rh), палладий (Pd), осмий (Os), иридий (Іr), платина (Pt) химиялық элемент. Алтын және күміспен бірге асыл металдар тобын құрайды. Платиндық металдардың жер қыртысындағы салмақ мөлшері 5љ10-7%. Табиғатта саф күйінде, сульфидті минералдарда кездеседі. Қиын балқитын, тығыздығы үлкен, күміс түстес ақ жылтыр металдар, тотығу дәрежесі +2-ден +6-ға дейін. Химиялық қасиеттері ұқсас, белсенділігі төмен. Қыздырғанда оттекпен (RuO4, OsO4, т.б.), аса қатты қыздырғанда галогендермен қосылыс түзеді. Платиндық металдар балқыған күйде көптеген металдармен араласып, қатты ерітінділер және кешенді қосылыстар түзуге бейім келеді. Платиндық металдарды кенді байытып, аффинаж арқылы оларды шоғырландырып, реагенттердің көмегімен біртіндеп бөліп алады. Осы әдіспен Қазақстанда түсті металдар өндірісінің қалдықтарынан платиндық металдар алынады. Платиндық металдар катализатор ретінде, химиялық арнаулы ыдыстар, зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Платиндық металдар туралы ақпарат. Платиндық металдар деген не? Платиндық металдар нені білдіреді?