Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бүреке, Бұрыш Оғлан, Берке (т.ж.б. — 1472) — сұлтан, Қазақстанның 15 ғ-дағы тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.

Бүреке сұлтан

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Бүреке сұлтан

Бүреке, Бұрыш Оғлан, Берке (т.ж.б. — 1472) — сұлтан, Қазақстанның 15 ғ-дағы тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.

Ата тегі: Жошы — Шайбан — Баһадүр — Жошы Бұқа — Бәдіғұл — Мың Темір — Болат — Араб шаһ — Тоғлықожа — Темір Шейх — Жәдігер — Б. 1728 — 68 ж. жазған деректерінде Мұхаммед Хайдар Дулати Бүрекені Әбілхайыр ханның үлкен ұлдарының немесе немерелерінің бірі дейді. Хандар шежіресінде Әбілхайыр ханның 11 ұлының және олардан тараған ұрпақтардың арасында Бүреке есімі кездеспейді. Әбілғазының, Махмұд ибн Уәлидің және авторы беймәлім “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” аталатын тарихи еңбектің мәліметтері бойынша, Бүреке — Жәдігер (Иадгар) ханның 4 ұлының үлкені. Бүреке сұлтан Әбілхайыр хан тұсында “көшпелі өзбектер” мемлекетінің әскери қолбасшыларының бірі болған. Бүрекенің 1453 — 54 ж. Мауераннахрға аттанып, Әбу Сайид мырзаның орнына Ұлықбектің немересі Мұхаммед Жөкі мырзаны отырғызбақ болған ниеті жүзеге аспай қалады. Ол 15 ғ-дың 50-жылдарындағы Ноғай мырзалары арасындағы күресте Мұса биді қолдап, Қожас биді өлтіреді. Әкесі Жәдігерді хан көтеріп, Мұсаны би етеді. 1469 ж. Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін, “көшпелі өзбектер” мемлекетін талқандауға араласады. Бүреке сұлтанның өлімі жайында мәліметтер әр түрлі. “Тарих-и Рашидиде” ол Сыр бойындағы Қаратоғай деген жерде Моғол әулетінің ханы Жүністің қолынан қаза тапты десе, Әбілғазының дерегінде Бүрекені Сырдың төменгі ағысы бойындағы қыстауында жатқан жерінде Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірді деп көрсетіледі.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Бүреке сұлтан туралы ақпарат. Бүреке сұлтан деген не? Бүреке сұлтан нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 11, 2026

    3 желтоқсан

  • Ақпан 24, 2026

    Девон кезеңі

  • Ақпан 26, 2026

    Парсы шығанағы

  • Ақпан 25, 2026

    Ұлы Жыланшық

  • Ақпан 26, 2026

    Бүреке сұлтан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары