Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ғағауызстан Республикасы (ғағ. Gagauz Respublikası) — 1990-1994 жылдар аралығында, іс жүзінде - 1995 ж. дейін болған (заңды түрде) бұрынғы Молдавия КСР жерінің

Ғағауызстан Республикасы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ғағауызстан Республикасы

Ғағауызстан Республикасы (ғағ. Gagauz Respublikası) — 1990-1994 жылдар аралығында, іс жүзінде - 1995 ж. дейін болған (заңды түрде) бұрынғы Молдавия КСР жерінің бір бөлігінде өзін-өзі жариялаған мемлекет. 1994 жылдың желтоқсаны — 1995 жылдың шілдесі аралығында Молдова Республикасына бейбіт жолмен қайта қосылды. Қазіргі уақытта - Ғағауызстан автономиялы аумақтық бірлік.

Ғағауызстан Республикасы
ғағ. Gagauz Respublikası

Мойындалмаған мемлекеттер
←
19 тамыз 1990 — 23 желтоқсан 1994 →
байрақ Елтаңбасы

Ғағауызстан картасы
Астанасы Комрат
Тіл(дер)і ғағауызша, орысша, молдавша
Аумағы 1848
Президент
 - 1991—1995 Степан Топал

Мазмұны

Тарихы

Бастауы

Ғағауызстан халқының мәселелері туралы алғашқы пікірталастық клубтар 1980 жылдардың соңында пайда болды.

1989 жылы 21 мамырда ғағауыз халқы өкілдерінің бірінші съезі өтті. Бүкілғағауыздық «Ғағауыз Халқы» қоғамдық қозғалысы осылай пайда болды.

1989 жылы 12 қарашада ғағауыз халқы өкілдерінің кезектен тыс съезі өтті, онда Ғағауыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Молдавия КСР-нің құрамында жарияланды, бірақ келесі күні Молдавия КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы кезектен тыс съездің шешімдерін конституциялық емес деп күшін жояды.

Республиканың құрылуы

1990 жылы 19 тамызда Молдавия КСР-нің далалы оңтүстігі халық депутаттарының І съезі өтті, онда КСРО құрамында Ғағауызстан Республикасын жариялап, «Молдова Республикасынан ғағауыз халқының бостандығы мен тәуелсіздігі туралы Декларация» қабылданды. 21 тамызда Молдавия КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының кезектен тыс съезінде республиканы жариялау туралы шешім заңсыз, ал депутаттар съезін өткізу конституцияға қайшы деп танылды.

«Сепаратизмді басу» үшін Молдова еріктілерінің жасағы милиция жасақтарымен бірге Ғағауызстанға беттеді. Ғағауызстанда мобилизация басталды. Бұл оқиғалар «Ғағауызстанға жорық» деген атау алды. Ғағауызстан азаматтық соғыстың алдында тұрды, бірақ Кеңес Әскері мен КСРО ІІМ ішкі әскерлерінің келуі қантөгістің алдын алды.

Республиканың өмір сүруі

Осыдан кейін төрт жыл ішінде Ғағауызстан Республикасы мойындалмаған мемлекет ретінде өмір сүрді. Мемлекеттік биліктің негізгі органдары құрылып, жұмыс істеді (Президент, Жоғарғы Кеңес, министрліктер мен мекемелер, әскер (1990-1995 жж. «Бұжақ» арнайы жасақ батальоны)).

Ғағауызстан, 1990 жылы бір уақытта құрылған Транснистрия сияқты, өзінің ұлттық валютасын енгізген жоқ.

Өзінің бүкіл өмір сүру кезеңінде Ғағауызстан Республикасының көшбасшысы Степан Топал болды.

1994 жылы желтоқсанда Ғағауызстан Республикасы мен Молдова арасында жасалған келісімдер негізінде 1995 жылдың жазына дейін жүргізілген Ғағауызстанды автономия құқығы негізінде бейбіт интеграциялау туралы құжатқа қол қойылды. Осы сәттен бастап Ғағауызстан Республикасы Ғағауызстан автономды құрылымына - Gagauz Yeri айналды.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ғағауызстан Республикасы туралы ақпарат. Ғағауызстан Республикасы деген не? Ғағауызстан Республикасы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Маңғыстау түбегі

  • Ақпан 21, 2026

    7 желтоқсан

  • Ақпан 16, 2026

    Абай Құнанбайұлы

  • Ақпан 09, 2026

    Септік жалғау

  • Ақпан 25, 2026

    Барыс септік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары