Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Оңтүстіктен солтүстікке қарай 800 км-ге созылып жатыр. Қолат тектоникалық жолмен пайда болған. Солтүстігін Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұра

Торғай қолаты

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Торғай қолаты

Торғай қолаты, Торғай аңғары – Мұғалжар мен Сарыарқа таулары аралығында орналасқан ойпат.

Торғай қолаты
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі100,125 м
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық800 км
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық25, 75 км
ӨзендерОбаған, Торғай, Тобыл
КөлдерҚұсмұрын, Ақсуат, Сарықопа
Орналасуы
52°40′00″ с. е. 64°46′00″ ш. б. / 52.66667° с. е. 64.76667° ш. б. / 52.66667; 64.76667 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°40′00″ с. е. 64°46′00″ ш. б. / 52.66667° с. е. 64.76667° ш. б. / 52.66667; 64.76667 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
Торғай қолаты
Торғай қолаты (Ақтөбе облысы)
Торғай қолаты
Торғай қолаты Ортаққорда

Жер бедері, геологиялық құрылымы

Оңтүстіктен солтүстікке қарай 800 км-ге созылып жатыр. Қолат тектоникалық жолмен пайда болған. Солтүстігін Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғарлық қақпа – Торғай қақпасы алып жатыр. Оның орнында палеоген кезеңінде Торғай мен Сібірді Торғай өзенінің орта ағысы жалғастырып тұрған ені 20-25 км бұғаз болған. Қолаттың қазіргі ені 20-75 км, салыстырмалы төменділігі 200 м, тұнбалы, құмды саздақтан түзілген. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағып өтеді. Суы таяз, ащы көлдер көп (Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б.), көктемде қолаттағы көлтабандар еріген қар суына толады, ыза сулары минералданған.

Климаты

Климаты тым континенттік, солтүстіктен оңтүстікке қарай континенттілігі арта түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 200 мм. Орташа жылдық температура шілдеде 20 – 22°С, қаңтарда –16 – 17°С. Солтүстігі далалық белдемге, оңтүстігі бөлігі шөлейт белдемге кіреді. Жері шабындыққа, мал жайылымына пайдаланылады.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Торғай қолаты туралы ақпарат. Торғай қолаты деген не? Торғай қолаты нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Атқарушы билік

  • Ақпан 25, 2026

    Англия Патшалығы

  • Ақпан 25, 2026

    Бұхара хандығы

  • Ақпан 25, 2026

    Грузин тілі

  • Ақпан 25, 2026

    Күлтегін ескерткіші

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары