Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұрықжолдастылар, плаценталылар (Eutheria, Placentalia) — қазіргі сүтқоректі жануарлардың инфракласы. Инфракласс — жануарлар жүйеленуінде класс тармағы мен отряд

Ұрықжолдастылар

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ұрықжолдастылар

Ұрықжолдастылар, плаценталылар (Eutheria, Placentalia) — қазіргі сүтқоректі жануарлардың инфракласы. Инфракласс — жануарлар жүйеленуінде класс тармағы мен отряды арасынан орын алады. Бұл класс өкілдерінің бәрінің де ұрық дамуында ұрықжолдасы қатысады (қараңыз Плацента). Ол ұрықты жатырдың қабырғасындағы бұлшық еттермен байланыстырады. Ұрықжолдастыларда қалталы сүтқоректілерде болатын арнайы қалта және қалталы сүйектер болмайды. Ұрықжолдастылардың ұрпақтары жақсы жетіліп туады әрі өз беттерінше еме алады. Бұлардың астыңғы жақ сүйегінің бұрыштық өскіні ішке қарай иілмеген. Алдыңғы миы айқын ми сыңарларына бөлініп, оның сыртында ми қыртысы (неопаллиум) өте жақсы дамыған, әрі ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы байланысқан. Ұрықжолдастылардың көпшілігінің тістері айқын жіктеліп, сүт және тұрақты тістерге бөлінген. Ересектерінің дене температурасы жоғары әрі тұрақты.

Ұрықжолдастылар
Қазбалық ауқымы: Late Cretaceous-Holocene
Жолбарыс
Жолбарыс
Ғылыми топтастыруы
Subgroups
  • Afrotheria
  • Boreoeutheria
  • Xenarthra
Ұрықжолдасы

Ұрықжолдастылардың қазіргі кезде 17—18 отряды бар: жәндікқоректілер, жүнқанаттылар, қолқанаттылар, приматтар, толықемес тістілер, панголиналар, қоянтәрізділер, кеміргіштер, киттәрізділер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, түтіктістілер, тұмсықтылар, дамандар, сирендер, сірітабандылар, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Ұрықжолдастылар жер шарының барлық құрлықтары мен мұхиттарында кең тараған. Қазақстанда 8 отряды, 170-ке жуық түрі белгілі. Ұрықжолдастылардың жануарқоректі, өсімдікқоректі және аралас қоректенетін түрлері де кездеседі. Олардың көпшілік түрінің кәсіптік мәні бар. Ұрықжолдастыларды бағалы ұлпаны, терісі, еті, майы, т.б. өнімдері үшін аулайды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ұрықжолдастылар туралы ақпарат. Ұрықжолдастылар деген не? Ұрықжолдастылар нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    27 қыркүйек

  • Ақпан 25, 2026

    6 желтоқсан

  • Ақпан 26, 2026

    Аққулы ауданы

  • Ақпан 12, 2026

    Солтүстік полюс

  • Ақпан 10, 2026

    6 қыркүйек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары