Неміс тілі (нем. Deutsch, deutsche Sprache) — неміс халқының тілі. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. Неміс тілінің тарихын көне жоғары (8 – 11 ғ-лар), орта жоғары (12 – 13 ғ-лар), ертедегі жаңа жоғары (14 – 16 ғ-лар) дәуір деп үшке бөледі. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде, Швейцарияда, Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып саналады Ал Швейцарияда, Люксембургте және Бельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тілі ағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынастары бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі және Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл. Кейбір есептемелер бойынша бұл тілді ана тілі ретінде 87 миллион адам қолданады.
| Неміс тілі | |
![]() Неміс тілінің Еуропадағы таралуы: Жалғыз ресми тіл Ресми тілдерінің бірі Ұлттық немесе азшылықтың тілі деп танылған Азшылықтың тілі | |
| Өз атауы: | Deutsch |
|---|---|
| Айтылуы: | [dɔɪ̯t͡ʃ] |
| Елдер: | Германия, Аустрия, Швейцария, Лихтенштейн, Люксембург, Бельгия, Италия |
| Ресми күйі: | Аустрия |
| Сөйлеушілер саны: | 134 млн |
| Рейтинг: | 12 |
| Классификация | |
| Санаты: | |
| |
| Жазуы: | |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | нем 481 |
| ISO 639-1: | de |
| ISO 639-2: | deu және ger |
| ISO 639-3: | deu |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |

Тарихы
Құрылымы
Неміс тілінде 16 дауысты, 3 дифтонг, 19 дауыссыз және 3 аффрикат фонема бар. Дауыстылар қысқа және созылыңқы, ашық және жабық айтылады да сөз мағынасына әсер етеді: kam – “тарақ”, kām – “келді”, mer – “аңыз”, mēr – “теңіз”. Дауыссыздары шұғыл, ызың, діріл болып бөлінеді. Дауыстыларға тән ерекшелік – умлаут, сыну және аблаут. Олар қосымша морфол. функция – жекеше, көпше, жақ, рай мағыналарын білдіреді. Екпін сөздің түбір буынына, көбінесе бірінші буынға түседі. Сөз қорын байытуда, термин жасауда сөз біріктіру тәсілінің маңызы зор. Неміс тілінде етістіктің шақ категориясының 6 түрі бар: презенс – осы шақ, имперфект, перфект, плюсквам-перфект – өткен шақ; футурум 1, футурум 2 – келер шақта Сөйлемде баяндауыш 2-орында, бастауыш баяндауыштың не алдынан, не соңынан тұрады.
Әдебиеттер
- Гухман М.М., От языка немецкой народности к немецкому национальному языку, ч. 1 – 2, М.–Л., 1955 – 59;
- Жирмунский В.М., Немецкая диалектология, М.–Л., 1956;
- Жирмунский В.М., История немецкого языка, М., 1965;]
- Москальская О.И., Грамматика современного немецкого языка, М., 1972;
- Tatsacheh ьвer Deufsehland, Socіets – Verlag, Frankfurt – Main, 2000.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Неміс тілі туралы ақпарат. Неміс тілі деген не? Неміс тілі нені білдіреді?
