Абшерон түбегі (Апшерон, әз. Abşeron yarımadası) — Каспий теңізінің батыс жағалауындағы Әзірбайжан территориясындағы түбек. «Апшерон» атауының шығу тегінің екі нұсқасы бар: "ащы су" ("аб" - су, "шерон" - ащы Тат тілінде) және "тәтті су" ("аб" - су, "ширин" - тәтті ).
| Абшерон түбегі әз. Abşeron yarımadası | |
![]() | |
| Түбектің жер серіктен көрінісі | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 2 110 км² |
| Орналасуы | |
| 40°27′49″ с. е. 49°57′27″ ш. б. / 40.46361° с. е. 49.95750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 40°27′49″ с. е. 49°57′27″ ш. б. / 40.46361° с. е. 49.95750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Каспий теңізі |
| Ел | |
Географиясы
Ұзындығы - 60 км, ені - 30 км-ге дейін жетеді. Биіктігі 50-165 м.
Антропоген және неоген шөгінділерінен түзілген. Апшерон түбегінің мұнайы, газы, минералды бұлақтары ерте кезден белгілі.
Климаты құрғақ субтропиктік, топырағы қоңыр және сұр. Шөлейт жердің өсімдіктері өседі.
Апшерон түбегі - Әзірбайжанның халығы тығыз қоныстанған бөлігі. Түбекте Сумгаит қаласы және көптеген мұнай кәсіпшіліктері бар. Суармалы жерде жүзім, бау-бақша өсіру дамыған.
Апшерон түбегінің жағасында Баку орналасқан. Бакудың маңайында (10—15 км) "Апшерон ауылдары" немесе "Баку ауылдары" атты көптеген елді мекендер орналасқан. 1870 жылы олардың саны 40 тұғын. Қазір ауылдардың саны 61 болып кетті.
Ірілері:
- Амираджан,
- Ахмедли,
- Баладжары,
- Балаханы,
- Биби-Эйбат,
- Бильгях,
- Бина,
- Бинагади,
- Бузовна,
- Бюльбюле,
- Геокмали,
- Говсаны,
- Горадиль,
- Гюздек,
- Дарнагюль,
- Джорат,
- Дигях,
- Забрат,
- Зира,
- Зых ,
- Кала,
- Кишлы,
- Кобу,
- Кюрдаханы,
- Мамедли,
- Мардакан,
- Масазыр,
- Маштага,
- Нардаран,
- Новханы,
- Пиракешкюль,
- Пиршаги,
- Рамана,
- Сабунчи,
- Сарай ,
- Сураханы,
- Тюркян,
- Фатмаи,
- Ходжасан,
- Хырдалан,
- Шаганы.
Апшерон түбегінде көптеген тарихи ескерткіштер сақталған: Нардаран қамалы - (XIV ғ.), Дөңгелек бекініс (1232 жыл), Төртбұрышты бекініс (XIІ ғ.), От ғибдатханасы «Атешгях» (XVII—XVIII ғ.), Мардакян дендрарийі.
Әдебиет
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Апшерон түбегі туралы ақпарат. Апшерон түбегі деген не? Апшерон түбегі нені білдіреді?

