Дүнген тілі - қытай-тибет тілдері семьясына жататын тіл. Дүнген халқының тілі. Дүнгендер ҚХР-де 6 млн-нан астам, ал КСРО-да, - 52 мың (1979, негізінен ҚазКСР-і мен Қырғ. КСР-інде тұрады. Қазақстанда 22 мың. дүнген (1988) бар. Дүнген тілі ганьсуй, шаньси диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі ганьсуй диалектісі негізінде жасалған. КСРО-да бұл тілдің жазуы 1928 жылдан латын графикасына, 1953 жылдан орыс графикасына негізделген алфавитке көшті.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Дүнген тілі туралы ақпарат. Дүнген тілі деген не? Дүнген тілі нені білдіреді?