Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор.

Иса Байзақов

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Иса Байзақов

Иса Байзақов (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор.

Мазмұны

Өмірі

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929—1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған.

1926—1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек, Серке Қожамқұлов, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған “Біржан — Сара” қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932—1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

Өзгеше жанры

Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл — оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты.

  • “Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан.

“Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды” заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі. Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе” поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған.

Байзақовтың өмірі мен шығармашалығын Е. Ысмайылов, М. Хасенов, Р. Бердібаев, тағы басқа зерттеген. Жазушы Н. Ановтың “Ән қанаты” романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1939).

Эпикалық шығармалары

  • «Құралай сұлу» (1925)
  • «Қойшының ертегісі» (1926)
  • «Алтай аясында» (1939)
  • «Кавказ» (1941)
  • «Қырмызы-Жанай» (1940, аяқталмаған)
  • «Ақбөпе» (1945)
  • «Неге Алатау шаттанды» (1929)
  • «Ұлы құрылыс» (1933)
  • «Он бір күн, он бір түн» (1939)

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Иса Байзақов туралы ақпарат. Иса Байзақов деген не? Иса Байзақов нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Үндестік заңы

  • Ақпан 25, 2026

    Ресей рублі

  • Ақпан 25, 2026

    Ислам діні

  • Ақпан 24, 2026

    23 қыркүйек

  • Ақпан 25, 2026

    Қарлұқ тілдері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары