Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Парсы тілі, — Үнді-Еуропа тілдік әулеті иран тобының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Иран Ислам Республикасының ресми тілі. Орта ғасырларда әдеби тіл ретінде И

Парсы тілі

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Парсы тілі

Парсы тілі, — Үнді-Еуропа тілдік әулеті иран тобының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Иран Ислам Республикасының ресми тілі. Орта ғасырларда әдеби тіл ретінде Иранмен шекаралас жатқан Ауғанстанға, Орталық Азияның кей өңірлеріне, Үндістан мен Әзербайжанға тарады. Парсы тілі тарихы көне, орта, жаңа болып үш дәуірге бөлінеді. Қазіргі парсы тілі көне парсы (жазба ескерткіштері б.з.б. 6 – 4 ғасырлардан белгілі), орта парсы (III–VII ғасырлар), классикалық кезеңдегі жаңа парсы (VII–XV ғасырлар) тілдерінің заңды жалғасы. Классикалық парсы тілінің базасында туысқан тәжік және дархи тілдері дамыды (айырмашылықтары XVI–XVII ғасырларда басталды). Сондықтан классикалық парсы тіліндегі әдеби мұра Ауғанстан, Тәжікстан және Иран халықтарына ортақ болып табылады. Парсы тілі бай жазба дәстүрге ие дүние жүзіндегі ежелгі тілдердің бірі. Бұл тілдегі жазба ескерткіштердің 2500 жылдан астам тарихы бар. Парсы тілі бірнеше диалектіге бөлінеді, әдеби тілі тегеран диалектісі негізінде жасалған. Фонетикалық ерекшеліктері 6 монофтонг, 2 дифтонг, 23 дауыссыз фонеманың болуымен, тіл арты (фарингаль), көмей (увуляр) дыбыстардың сақталуымен айқындалады. Сөз басында дауыссыздар қатар келмейді, екпін сөздің соңғы буынына түседі. Есімдер септелмейді, род категориясы жоқ. Күрделі етістіктің есімді тіркесі мен аналитикалық тәсілі жиі қолданылады. Араб, түркі тілдерінің сөздері көп кездеспегенімен, 19 ғасырдан француз, ағылшын, орыс тілдерінен енген сөздер жеткілікті. Жазуы араб әліпбиіне негізделген. Ауған дари тілі моңғол сияқты тілдермен қатты араласқан.

Елдер:

—

Классификация
Санаты:

???

—

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

пер 535

ISO 639-1:

fa

ISO 639-2:

fas және per

ISO 639-3:

fas

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Парсы тілі туралы ақпарат. Парсы тілі деген не? Парсы тілі нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 16, 2026

    Жаңа шерік

  • Ақпан 21, 2026

    14 желтоқсан

  • Ақпан 24, 2026

    10 қыркүйек

  • Ақпан 23, 2026

    АҚШ доллары

  • Ақпан 24, 2026

    Тәуелсіздік күні

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары