Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Сөз тіркесі

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Сөз тіркесі
Грамматика

Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
  1. Қайрат балаларға;
  2. балаларға Досанмен;
  3. Досанмен болған;
  4. болған әңгіменің;
  5. әңгіменің мән-жайын;
  6. мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Мазмұны

Сөз тіркесінің айырықша белгілері

1.Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады

2.Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.

3.Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

  1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады. Мысалы, Ол келді, Астанаға келді деген тіркестердеге сөздер өзара жіктік, септік жалғауы арқылы байланысқан.
  2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады. Мысалы, Оқу үшін келді тіркесі шылау арқылы байланысқан.
  3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады. Мысалы, жақсы дәрігер сөзі жалғаусыз байланысып тұр
  4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі. Мысалы, Айдын-дәрігер деген сөздер дауыс ырғағы арқылы байланысып тұр.

Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.

Сөздердің байланысу түрлері

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

Мысалы:
Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқушымын Біз оқушылармыз
2-жақ Сен оқушысың Сендер оқушыларсыңдар
Сіз оқушысыз Сіздер оқушыларсыздар
3-жақ Ол - оқушы Олар - оқушылар
Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқимын Біз оқимыз
2-жақ Сен оқисың Сендер оқисыңдар
Сіз оқисыз Сіздер оқисыздар
3-жақ Ол оқиды Олар оқиды

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару, суды төкті, ағасына берді.

Матасу

Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі

Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы, баланың үйі, біздің гүліміз.

Қабысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат, қара қалам, алтын сағат, әдемі қыз.

Жанасу

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

Мысалы: шарықтап ұшу, шарықтап көкке ұшу, кеше болды, сол арқылы білдім.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Сөз тіркесі туралы ақпарат. Сөз тіркесі деген не? Сөз тіркесі нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 15, 2026

    Әмір Темір

  • Ақпан 24, 2026

    Түрікменбашы атырабы

  • Ақпан 24, 2026

    Басқыншылық

  • Ақпан 23, 2026

    Солтүстік Корея

  • Ақпан 24, 2026

    Үнді жайрасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары