Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені ата

Толықтауыш

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Толықтауыш
Грамматика

Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Толықтауыш түрлері

Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады:

  1. тура толықтауыш;
  2. жанама толықтауыш.

Тура толықтауыш табыс септігіндегі сөзден жасалып, ол үнемі сабақты етістіктен жасалаған мүшелермен көбінесе жақын тұрып байланысады да,соларды толықтырады, оларсыз қолданылмайды. Тура толықтауыштың сұрақтары:кімді? нені? кімін? несін? Мысалы, Мына кітапты дүкеннен алдым.

Жанама толықтауыш салт етістіктен болған сөйлем мүшелерін табыс септігінен басқа септіктерде (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) тұрып толықтырады және сөйлемнің кез келген жерінде тұрып байланыса береді. Мысалы, Жанат Жантасқа ұзақ әңгіме айтты.

Толықтауыш болатын сөз таптары

Толықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Зат есімнен болады
  2. Зат есім орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеу сөздерден болады.
  3. Туралы, жөнінде, жайында деген шылаулардың бірімен тіркесіп келген сөздер етістіктен болған мүшенің алдында келсе, толықтауыш болады.

Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді.

Әдебиет

  • С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Толықтауыш туралы ақпарат. Толықтауыш деген не? Толықтауыш нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 14, 2026

    8 қыркүйек

  • Ақпан 24, 2026

    Қарақалпақстан

  • Ақпан 09, 2026

    Ағылшындар

  • Ақпан 15, 2026

    Армян-қыпшақ тілі

  • Ақпан 23, 2026

    Этрус Тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары