Торғай қақпасы – Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған – Құсмұрын, Торғай – Сарықопа аралығындағы табиғи аңғарлық бұғаз (өткел) немесе қақпа.
| Торғай қақпасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ені | 20 км |
| Орналасуы | |
| 52°23′23″ с. е. 64°14′27″ ш. б. / 52.38972° с. е. 64.24083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°23′23″ с. е. 64°14′27″ ш. б. / 52.38972° с. е. 64.24083° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
| Аудан | Сарыкөл ауданы |
Географиялық орны
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы аумағында орналасқан.
Жер бедері мен қалыптасуы
Торғай қолатының орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ені 15 – 20 км. Теңіз деңгейінен 100 м биіктікте. Батыс Сібір ойпатын Торғай ойпатымен байланыстырады. Оның бұғаз деп аталуының себебі мыңдаған жылдар бұрын бұл жерде ежелгі Арал-Каспий теңізі бассейні сол кезде Батыс Сібір ойпатының орнында болған теңіз бассейнімен байланысқан. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша Торғай қақпасы Торғай, Обаған өзендері бастауларының бір-бірімен Сарыөзен арқылы жалғасуына байланысты қалыптасқан.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Торғай қақпасы туралы ақпарат. Торғай қақпасы деген не? Торғай қақпасы нені білдіреді?

