Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түркістан генерал-губернаторлығы– Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкімшілік-территориялық аймағы. 1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстарынан құрал

Түркістан генерал-губернаторлығы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Түркістан генерал-губернаторлығы

Түркістан генерал-губернаторлығы– Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкімшілік-территориялық аймағы. 1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстарынан құралды.

Ресей империясының генерал-губернаторлығы
Түркістан генерал-губернаторлығы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Ресей империясы

Әкімшілік орталығы

Ташкент

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

4 тамыз 1867 жыл

Таратылған уақыты

1917 жыл

Түркістан генерал-губернаторлығы картада

Түркістан генерал-губернаторлығы Ортаққорда

Солтүстігінде Торғай,Ақмола, Семей облыстарымен; шығысында Шығыс Түркістанның Жоңғар, Үрімжі аймағымен; оңтүстігінде Қашғариямен, Памир, Бұхар жері, Хиуа хандығымен, батысында Арал теңізімен шектесті. 1868 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871 жылы Құлжа аймағы, 1873 жылы Әмудария аймағы қосылды. 1876 жылы бұрынғы Қоқан хандығының орнына Ферғана облысы құрылды.

Түркістан генерал-губернаторлығында 3 038 119 адам тұрды. Халық санының көптігінен Сырдария (1 094 557 адам), Жетісу (758 250) облыстары, ал халқының тығыздығынан Зеравшан, Ферғана облыстары ерекшеленді. Түркістан генерал-губернаторлығында қазақтар 1 532 790, өзбектер — 1 970 420, құрамалар - 77 330, қарақалпақтар — 58 770, орыстар - 59 280, тәжіктер - 137 280 адамды кұрады. Өлкенің әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери губернаторлықты округ әскерінің қолбасшысы, Сырдария облысы мен уезінің, Құрама уезінің әкімшілігі орналасты. Жетісудың орталығы — Верный, Ферғананікі — Марғылан, Зеравшан округінікі — Самарқан, Құлжа ауданының орталығы — Құлжа, Әмудария бөлімшесінің орталығы — Петро-Александровск қалалары болды. 1886 жылғы "Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже" бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарына бөлінді.

Өлкені басқару генерал-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен облыстық басқарма, ал уездерді уезд (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Түркістан генерал-губернаторлығында барлық билік отаршылдар қолына шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Түркістан генерал-губернаторлығындағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әрбір шаруашылықтан 4 сом төлеуге міндетті болып белгіленді. Бұған қоса елді мекендердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына карсы Түркістан генерал-губернаторлығында 1898 жылы Әндіжан көтерілісі болды. 1916 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің әскери күшімен аяусыз басып, жаншылды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығы жойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қолына көшті.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Түркістан генерал-губернаторлығы туралы ақпарат. Түркістан генерал-губернаторлығы деген не? Түркістан генерал-губернаторлығы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Солтүстік Корея

  • Ақпан 09, 2026

    Қазақ энциклопедиясы

  • Ақпан 24, 2026

    20 желтоқсан

  • Ақпан 24, 2026

    Мяо-яо тілдері

  • Ақпан 12, 2026

    Солтүстік Америка

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары