Шолаққорған — ауыл, Түркістан облысы Созақ ауданының (1934 жылдан) және Шолаққорған ауылдық округінің орталығы.
| Ауыл | |
| Шолаққорған | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Аудан орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Шолаққорған |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°45′32″ с. е. 69°10′47″ ш. б. / 43.75889° с. е. 69.17972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°45′32″ с. е. 69°10′47″ ш. б. / 43.75889° с. е. 69.17972° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орталығының биiктігі | 466 м |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 19 673 адам (2023) |
| Ұлттық құрамы | қазақтар |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +7 72546 |
| Пошта индексі | 161000 |
| Автомобиль коды | 13 |
Шолаққорған шекарасы | |
Географиялық орны
Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейінде, далалы, шөлді мекенде орналасқан. Ауыл арқылы Шымкент-Кентау, Түркістан-Жаңатас автомобиль жолы өтеді.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 8727 | ▼7934 | ▲19090 | 240,6 | 3936 | ▲9745 | 247,6 | 3998 | ▲9345 | 233,7 |
Тарихы
Шолаққорған — ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 м-ге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м-ге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап қаланың XIII–XVI ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке орай Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен. 1957 жылдан қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. Аудан орталығы 1934 жылы Созақтан Шолаққорғанға көшірілген.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Шолаққорған туралы ақпарат. Шолаққорған деген не? Шолаққорған нені білдіреді?


