Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қоныстану тығыздығы – халықтың белгілі бір аумақта қоныстану деңгейі, аумақ өлшеміне (әдетте 1 километр квадрат) шаққандағы тұрғылықты халық саны. Өндіріс орынд

Қоныстану тығыздығы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Қоныстану тығыздығы

Қоныстану тығыздығы – халықтың белгілі бір аумақта қоныстану деңгейі, аумақ өлшеміне (әдетте 1 километр квадрат) шаққандағы тұрғылықты халық саны. Өндіріс орындарының ашылуы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы, кен байлықтарының табылуы, т.б. факторлар халықтың аумақта әркелкі орналасуына, қоныстану тығыздығына әсер етеді.
2003 жылы дүние жүзінде адам мекендейтін құрлықтағы орташа тығыздық 1 километр квадрат аумаққа шаққанда 35 адамнан келді. Ең жоғары тығыздық Бангладеш мемлекетінде. Мұнда 1 километр квадрат аумаққа 800-ге жуық адам қоныстанған. Ал Еуразия және Америка құрлықтарының бірқатар шөлді далаларында, биік таулы аймақтарында халық сирек қоныстанған. Онда 1 километр квадрат аумаққа 1 адамнан келеді.
Қазақстанның өндірісі өркендеген қалаларында, маңызы жөнінен қалаға жақын кенттерде, халық біршама тығыз орналасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы өзен аңғарларында суармалы егін шаруашылығымен айналысатын өңірлерде қоныстану тығыздығы 50 – 100 адамнан келеді. Батыс Қазақстан өңірінде халық сирек қоныстанған. Мыс, Маңғыстау облысында 1 километр квадратқа аумақта 2,1, Ақтөбе облысында – 2,4, Атырау облысында – 3,8 адамнан келеді. Қазақстанда халық тығыз қоныстанған қалалар: Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Астана.

Пайдаланған әдебиетттер

  1. Қазақ энциклопедиясы
  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Қоныстану тығыздығы туралы ақпарат. Қоныстану тығыздығы деген не? Қоныстану тығыздығы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 09, 2026

    Алтай тілдері

  • Ақпан 24, 2026

    28 қыркүйек

  • Ақпан 24, 2026

    Түрікменбашы атырабы

  • Ақпан 10, 2026

    Ордовик кезеңі

  • Ақпан 24, 2026

    Сөз таптары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары