Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсы: دشت قپچاق‎) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бі

Қыпшақ даласы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Қыпшақ даласы

Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсы: دشت قپچاق‎) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.

Дешті Қыпшақ

Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.

Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.

Тағы қараңыз

  • Дешті-қыпшақ мемлекеті

Әдебиет

  • «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Қыпшақ даласы туралы ақпарат. Қыпшақ даласы деген не? Қыпшақ даласы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Үшінші әлем

  • Ақпан 24, 2026

    Басқыншылық

  • Ақпан 25, 2026

    Сөйлем мүшесі

  • Ақпан 19, 2026

    Жаңа Гвинея

  • Ақпан 24, 2026

    15 желтоқсан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары