Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қаты

Барыс септік

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Барыс септік
Грамматика

Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.

Мысалы:

Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,
Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
Еңбек етіп күшті туған ерлер
Еңбекке ерте тұра бекін буады.
Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).

Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.

Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.

Септік жал-
ғауларының
аты
Сұраулары
Жай септіктің
сұраулары
Тәуелдік септік сұраулары
1 Атау кім? не? кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?
2 Ілік кімнің? ненің? кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?
3 Барыс кімге? неге?
қайда?
кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?
4 Табыс кімді? нені? кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
5 Жатыс кімде? неде?
қайда?
кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?
6 Шығыс кімнен? неден? кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?
7 Көмектес кіммен? немен? кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?


Септік жалғауының мағыналары:

1. Атау септігі заттың атауын білдіретін, сөйлемде бастауыш қызметін атқаратын негізгі септік.

2.Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді.

3.Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті.

4.Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым.

5.Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді.

6.Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым.

7.Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім.

Тағы қараңыз

  • Септеулік шылаулар
  • Септеу
  • Септік
  • Септік жалғауларының тізілісі
  • Грамматика
  • Морфология
  • Қазақ тілі

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Барыс септік туралы ақпарат. Барыс септік деген не? Барыс септік нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Қоғам қайраткері

  • Ақпан 10, 2026

    18 желтоқсан

  • Ақпан 25, 2026

    Темір әулеті

  • Ақпан 15, 2026

    Қарайым тілі

  • Ақпан 23, 2026

    Толықтауыш

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары