Мұқан қаған (Муюй Кигин) – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды.
| Мұқан қаған | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 553 — 572 | ||
| Тәж кигізу жорасы | 553 | |
| Ізашары | Қара-Еске қаған | |
| Ізбасары | Тобо қаған | |
| Өмірбаяны | ||
| Діні | Тәңіршілдік | |
| Дүниеге келуі | белгісіз | |
| Қайтыс болуы | 572 | |
| Династия | Ашина | |
| Әкесі | Бумын қаған | |
| Балалары | Төремен Апа-хан | |
| өңдеу | ||
Тағы қараңыз
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Мұқан қаған туралы ақпарат. Мұқан қаған деген не? Мұқан қаған нені білдіреді?