Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ноғай тілі (ноғайша ногай тили) — Ресей Федерациясының Дағыстан, Қарашай-Шеркес Республикалары және Ставрополь өлкесінде тұратын ноғайлардың тілі. Түркі тілдері

Ноғай тілі

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ноғай тілі

Ноғай тілі (ноғайша ногай тили) — Ресей Федерациясының Дағыстан, Қарашай-Шеркес Республикалары және Ставрополь өлкесінде тұратын ноғайлардың тілі. Түркі тілдерінің Қыпшақ тобына жатады. Ноғай тілдерінде сөлейтіндер саны 2002 жылғы санақ бойынша 90000 адам. Үш диалектісі бар: ноғай (Ставрополь өлкесі), ақноғай (Қарашай-Шеркес Республикасы), қараноғай (Дағыстан республикасы). Жазуы кириллицаға негізделген. Ноғай тіліне жақын тілдер қазақ тілі мен қарақалпақ тілі. ТМД елдерінде, атап айтқанда, Қазақстанда, Украинада (Қырым Автаномиялық Республикасы) бірнеше мың ноғай өмір сүреді. Ноғайлар ТМД мен РФ-дан өзге шетелдерге, мысалы Румынияда (Добруджа, 30 мың адамға жуық), Болгарияда (5 мыңға жуық), сондай-ақ Түркияда (2 млн-ға жуық) өмір сүреді. Сондай-ақ ноғайлар Польша, Литва және Еуропаның бірқатар елдерінде де аз емес. Түркия мен Румынияда XVII-XIX ғасырларда қоныс аударған ноғайлардың ұрпақтары өмір сүруде, олар, негізінен, қоршаған түркі тектес тұрғындардың, яғни түріктер мен румын татарларының этникалық ұқсастығын қабылдағанымен, өздерінің ноғайлық шығу тегін де ұмытпаған. Ноғайлардың ұрпақтары қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар, әсіресе башқұрттар мен қырым татарлары арасына сіңіп кеткен. 2010 жылғы санақ бойынша, Ресейдегі ноғай тілінде сөйлейтіндердің саны 88,3 мың адамды құрайды. 2014 жылы Түркияда бірінші Ноғайша роман шығарылған және ол латын әліпбиінде жазылған еді (Akşa Nenem).

Ноғай тілі

Ноғай тілінің таралу аймағы
Өз атауы:

ногай тили (nogay tili)
ногайша (nogayşa)

Елдер:

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Болгария, Румыния, Түркия

Аймақтар:

Кавказ

Ресми күйі:

 Ресей

Дағыстан
Ноғай ауданы
Қарашай-Шеркесия
Ноғай ауданы
Сөйлеушілер саны:

86 000 (2020)

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Түркі тілдері

Қыпшақ тобы
Ноғай-қыпшақ топ тармағы
Жазуы:

кирил, латын

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

ног 505

ISO 639-1:

—

ISO 639-2:

nog

ISO 639-3:

nog

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Ноғай тілінің 3 диалектісі бар: ақ ноғай, ноғай және қара ноғай. Фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктері қазақ және қарақалпақ тілдеріне өте жақын. Жазуы 1924-1928 жж. дейін араб, латын хатында болған. 1938 ж. бастап орыс графикасына көшірілген.

Мазмұны

Әліпби

Ноғай әліпбиі 1928 жылына барған дек араб әліпбиі, соң латын әліпбиі, 1938 жылындан кейін кириллица болады. Бұл әліпби версиясы 1950 жылындан кейін табылады.

А а Аь аь Б б В в Г г Д д Е е Ё ё Ж ж З з
И и Й й К к Л л М м Н н Нъ нъ О о Оь оь П п
Р р С с Т т У у Уь уь Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш
Щ щ ъ Ы ы ь Э э Ю ю Я я

Добрұжада ноғай тілі

 
Румыния Түрік-Мұсылман Татарларының Демократиялық Одағы (UDTTMR)

Добрұжада (Болгария және Румыния) ноғайлар өздеріңе "Ноғай татары" және тіліне "Татарша, Ноғай татарша" деп атайды. Добрұжада Румыния Түрік-Мұсылман Татарларының Демократиялық Одағының ресми латын әліпбиі бар, оны Румыния татарлары (Ноғайлар және Қырым татарлары санаудың ішінде) пайдаланады. "Алфабе" атында кітабының ішінде көрсетілген әліпби:

A a B b C c Ç ç D d E e F f
G g Ğ ğ (Ǧ ǧ) H h I ı İ i Ĭ ĭ J j K k L l
M m N n Ñ ñ O o Ö ö P p Q q R r
S s Ş ş (Ș ș) T t U u Ü ü V v W w Y y Z z
Румыния татарлардың әліпбиі Қазақша
A a А а
B b Б б
C c Ж ж
Ç ç Ч ч
D d Д д
E e Е е (Э э)
F f Ф ф
G g Г Г
Ğ ğ (Ǧ ǧ) Ғ ғ
H h Х х (Һ һ)
I ı Ы ы
İ i И и
Ĭ ĭ І і
J j Ж ж (орысша)
K k К к
L l Л л
M m М м
N n Н н
Ñ ñ Ң ң
O o О о
Ö ö Ө ө
P p П п
Q q Қ қ
R r Р р
S s С с
Ş ş (Ș ș) Ш ш
T t Т т
U u Ұ ұ
Ü ü Ү ү
V v В в
W w У у
Y y Й й
Z z З з

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ноғай тілі туралы ақпарат. Ноғай тілі деген не? Ноғай тілі нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Шошқа шаруашылығы

  • Ақпан 25, 2026

    Перм кезеңі

  • Ақпан 13, 2026

    Жіктік жалғау

  • Ақпан 25, 2026

    КСРО елтаңбасы

  • Ақпан 10, 2026

    5 қыркүйек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары