Украин тілі (українська мова) — славян тілдерінің бірі, украиндардың ұлттық тілі. Шығыс славян тілдер тобына біріктірілген беларус және орыс тілдеріне жақын. Негізінен Украина аумағында, онымен қоса Ресей, Беларусь, Қазақстан, Польша, Словакия, Румыния, Молдова, Сербия, Мажарстан және Канада, АҚШ, Аргентина, Аустралия және басқа елдердегі эмигранттардың ұрпақтары арасында таралған. Украинаның мемлекеттік тілі болып табылады.
| Украин тілі | |
| Өз атауы: | українська мова |
|---|---|
| Айтылуы: | [ʊkrɐˈjinʲsʲkɐ ˈmɔʋɐ] |
| Ресми күйі: |
|
| Реттейтін мекеме: | Украина Ұлттық ғылымдар академиясы |
| Сөйлеушілер саны: | 40 миллион адам (2000) |
| Рейтинг: | 22 |
| Күйі: | қауіпсіз |
| Классификация | |
| Санаты: | |
| |
| Жазуы: | Кириллица (Украин әліпбиі) |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | укр 720 |
| ISO 639-1: | uk |
| ISO 639-2: | ukr |
| ISO 639-3: | ukr |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |


Әліпбиі
| Аа | Бб | Вв | Гг | Ґґ | Дд | Ее | Єє | Жж |
| Зз | Ии | Іі | Її | Йй | Кк | Лл | Мм | Нн |
| Оо | Пп | Рр | Сс | Тт | Уу | Фф | Хх | Цц |
| Чч | Шш | Щщ | Ьь | Юю | Яя |
Тарихы
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Қазіргі қолданысы
Ұзақ уақытқа созылған құлдыраудан кейін украин тілінің қолданылуы өсіп келеді. Дүние жүзінде елу миллионға жуық этникалық украиндар болса да, оның ішінде 2001-ші жылы Украинада 37,5 миллион (сол кездегі жалпы халықтың 77,8%-ы), украин тілі негізінен Украинаның батысы мен орталық бөлігінде кең таралған. Киев тұрғындары украин және орыс тілдерінде де сөйлейді, алайда бұрын бұл қала негізінен орыстілді болатын.
2022-ші жылдың тамызында рейтинг тобының Украинадағы сауалнамасы 85%-ы үйде украин немесе украин және орыс тілдерін және 51%-ы тек украин тілінде сөйлейтінін көрсетті.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Украин тілі туралы ақпарат. Украин тілі деген не? Украин тілі нені білдіреді?