Славян тілдері — Үндіеуропалық тілдер шоғырының бір тармағын құрайтын өзара туыстас тілдер тобы. Осы тілдердің ортақ ата-тілі — 1-ші мыңжылдықтың орта қолданыста болған протославян тілі. Орыс және поляк тілдері ең көп тараған славян тілдері болып табылады, оларда ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны тиісінше шамамен 166 және 40 миллион адамды құрайды.

Бұл топқа басқа да ірі тілдер жатады: сөйлеушілер саны 35 миллион украин тілі, 10 миллион адам сөйлейтін чех тілі, 5 миллион адам сөйлейтін словак тілі, ал оңтүстік славян тілдеріне жататын төрт тіл: словен, серб, хорват, боснақ, черногор, болгар және македон тілдерінде сөйлеушілердің жалпы саны — 30 миллион адам. Славян тілдерінде сөйлейтіндердің жалпы саны — шамамен 551 млн адам (2007).
SIL ұйымы құрастыратын Ethnologue тізімінде 20 түрлі славян тілдері келтірілген:
- Шығыс славян тілдері
- Беларус (ISO 639-1: be; ISO 639-3: bel)
- Орыс (ISO 639-1: ru; ISO 639-3: rus)
- Русын (ISO 639-1: — ; ISO 639-3: rue)
- Украин (ISO 639-1: uk; ISO 639-3: ukr)
- Оңтүстік славян тілдері
- Шығыс тобы
- Батыс тобы
- Батыс славян тілдері
- Чех-словак тобы
- Словак (ISO 639-1: sk; ISO 639-3: slk)
- Чех (ISO 639-1: cs; ISO 639-3: ces)
- Лехит тобы
- Кашуб (ISO 639-1: — ; ISO 639-3: csb)
- Поляк (ISO 639-1: pl; ISO 639-3: pol)
- Сілез (ISO 639-1: — ; ISO 639-3: szl)
- Сорб немесе серболужиц тобы
- Жоғарғы сорб (ISO 639-1: — ; ISO 639-3: hsb)
- Төменгі сорб (ISO 639-1: — ; ISO 639-3: dsb)
- Чех-словак тобы
Басқа тілдер де бар:
- славян «микротілдер», мысалы: прекмур, помак, Банат болгар және т. б.
- өлі тілдер, мысалы: көне (шіркеу) славян, полаб, кнаанит және т. б.
- пиджиндер, мысалы: руссенорск
- жасанды тілдер, мысалы: славянаралық, словио
Сілтемелер
- Бернштейн С. Б. Очерк сравнительной грамматики славянских языков. Введение. Фонетика. М., 1961.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Славян тілдері туралы ақпарат. Славян тілдері деген не? Славян тілдері нені білдіреді?