Сефевие (парсы: صفویه, күрд Sefewiye) — күрд Сефиеддин Ардебили (1252–1334) негізін қалаған тариқат (сопылық ағымы). Бұл тариқат XIV және XV ғасырларда солтүстік-батыс Иран қоғамында және саясатында көрнекті орынға ие болды және Сефевид әулетінің қалыптасуында маңызды рөл ойнады. Бастапқыда сунниттік исламның шафиғи мазһабы негізінде құрылғанымен, кейін шииттікке ауысты.
Сафи-ал-дин өз заманында Ардебилде өскен, бірақ ұстаздарына көңілі толмағандықтан Ардебилді тастап, Ширазға, одан кейін Гиланға барады. Гиланда ол Заһиди сопылық ағымының жетекшісі Заһид Гиланидің шәкірті болды. Соңында ол Заһидтің басты шәкіртіне айналады, әрі оның қызына үйленеді. Заһид Гилани қайтыс болғаннан кейін, Заһидия ағымына Сефиеддин басшылық етеді және ол Сефевие деп аталып кетеді.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Сефевид ағымы туралы ақпарат. Сефевид ағымы деген не? Сефевид ағымы нені білдіреді?