Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Солтүстік полюс - Жердің айналу осінің Солтүстік жарты шарда Жердің бетімен қиылысатын нүктесі, Солтүстік жарты шардағы Мұзды мұхиттың ортасында орналасқан геог

Солтүстік полюс

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Солтүстік полюс

Солтүстік полюс - Жердің айналу осінің Солтүстік жарты шарда Жердің бетімен қиылысатын нүктесі, Солтүстік жарты шардағы Мұзды мұхиттың ортасында орналасқан географиялық нүкте.

Солтүстік полюс
Солтүстік полюс

Мазмұны

Тарихы

Солтүстік полюске алғаш рет америкалық зерттеушілер Ф.Кук 1908 жылы, ал Р. Пири 1909 жылы жеткен. Солтүстік полюсті 1909 жылы алғаш ашқан зерттеуші ретінде Роберт Пиридің аты аталғанымен, ол кезде Пиридің қасында тағы да бес адам болған. Ол Роберт Пиридің досы Афроамерикан Метью Хенсон мен тағы да жол көрсетуші төрт Эскимос.

Роберт Пиридің тобы Гренландия аралы арқылы Солтүстік полюске қарай бет алған. Нəтижесінде, олар Солтүстік полюстің құрлықта емес, мұхиттың қақ ортасында екендігін анықтады. Ол мұзды мұхиттың қалың мұзының үстінде тұр. Солтүстік полюс жердің шыңы деп аталады.

Орналасуы

Жер бетіндегі ең солтүстік нүкте - «Нағыз Солтүстік» деп те аталатын географиялық Солтүстік полюс. Ол солтүстік ендікте 90 ° жерде орналасқан, бірақ оның бойлық сызығы жоқ.

Географиялық Солтүстік полю Гренландиядан солтүстікке қарай шамамен 450 мильде (725 км), Солтүстік Мұзды мұхиттың ортасында орналасқан: теңіз тереңдігі 13 410 фут (4087 метр). Көбінесе теңіз мұзы Солтүстік полюсті жауып тұрады.

Ерекшеліктері

 
Солтүстік полюстегі ғылыми лагерь, 1990 ж. шілде

Солтүстік полюсте 19 наурыздан 25 қыркүйекке дейінгі аралықта полюс күні (немесе поляр күн, оқулықтарда «полярлы күн» деп те жазылады) болады. Поляр күн кезінде Солтүстік полюс аймағында Күн 24 сағат бойы көкжиекке батпайды. Түні жарық болады. Бұл кезең шамамен 190 күнге созылады, содан кейін поляр түн басталады.

Мұндай күндер күзге дейін Оңтүстік полюсте болды. Енді ол құбылыс 2019 жылдың 21 қыркүйегінен 2020 жылдың 23 наурызына дейінгі аралықта қайталанады.

Солтүстік полюсте елді мекендердің географиялық орналасуына байланысты поляр күннің ұзақтығы әртүрлі болады.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Солтүстік полюс туралы ақпарат. Солтүстік полюс деген не? Солтүстік полюс нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 12, 2026

    Каспий теңізі

  • Ақпан 24, 2026

    Түрікменстан вице-президенті

  • Ақпан 13, 2026

    Орталық Америка

  • Ақпан 24, 2026

    Оңтүстік Қазақстан

  • Ақпан 25, 2026

    Христиан діні

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары