Халық санағы — белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар. Бұл санақ халықтың дәл сол уақыттағы мәліметін "лезде суретке түсіріп" алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жиналады. Халық санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде - демографиялық және әлеуметтік, экономикалық мәліметтер жинаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, халық санағы халық өмірінің қырларын таңдамалы түрде немесе үй шаруашылығын есепке алуда қолданылады. Халық санағын жүргізудің ғылыми және ұйымдастырулық негіздері XX ғ. екінші жартысында қалыптасып болды. Көптеген елдерде түрақты 5 немесе 10 жыл мерзімде бір жүргізілетін Ұлттық халық санағының бағдарламаларында БҰҰ-ның және өзге де ұйымдардың ұсыныстары есепке алынады. Санақ қорытындылары бойынша халықтың табиғи және миграциялық қозғалысын нақтылауға болады. Халық санағын отбасына және үй шаруасына жүргізеді.

2005 or after 2000–2004 1995–1999 1990–1994 1970–1989
1950 ж. бері БҰҰ әр 10 жыл сайын бүкіләлемдік халық санағын өткізеді. 2004 ж. әдеттегі онжылдық раунд (1994- 2004) аяқталды. XXI ғ. басында әлемде халық санағы өткізілмеген бірде-бір ел қалмады. Ұлттық санақ қорытындылары өзара сәйкес келу керек, ал негізгі қорытындылар бүкіләлемдік халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде үлкен мәнге ие болып отыр.
уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Халық санағы туралы ақпарат. Халық санағы деген не? Халық санағы нені білдіреді?