Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түпқараған түбегі – Маңғыстау облысының солтүстік-батысында орналасқан түбек. Каспий теңізіне сұғына кіріп жатыр.

Түпқараған түбегі

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Түпқараған түбегі

Түпқараған түбегі – Маңғыстау облысының солтүстік-батысында орналасқан түбек. Каспий теңізіне сұғына кіріп жатыр.

Түпқараған түбегі
Маңғыстау облысында орналасуы
Маңғыстау облысында орналасуы
Сипаттамасы
Ауданы2500 км²
Орналасуы
44° с. е. 51° ш. б. / 44° с. е. 51° ш. б. / 44; 51 (G) (O) (Я)Координаттар: 44° с. е. 51° ш. б. / 44° с. е. 51° ш. б. / 44; 51 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияКаспий теңізі
Ел Қазақстан
АймақМаңғыстау облысы
АуданТүпқараған ауданы
Түпқараған түбегі
Түпқараған түбегі (Маңғыстау облысы)
Түпқараған түбегі

Мазмұны

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Дерек көздеріне қарағанда о баста түбектің аты Қарағантүп болған. Атау қазіргі қалпында түп (зат есім) және қара (сын есім), қан (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Қара – көнетүркі тілінде «үлкен» деген мән беретін сөз. Ал қан сөзі «су», «өзен», «бұлақ» мағынасында қолданылатын географиялық термин. Түп – көнетүркі сөздігінде, «өте тегіс» мәнін береді. Сонда атаудың мәні «үлкен, сулы теп-тегіс түбек».

Сипаттамасы

Ұзындығы 65 км, ені 35 км. Ауданы 2,5 мың км2. Жер бедері үстірт тәріздес толқынды-жонды болып келеді. Абс. биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай 203 м-ден 30 м-ге дейін төмендейді. Жер бедері қатты тілімделген. Түбектің жағалаулары тік жарлы, құламалы. Солтүстік жағаларында теңіз бетіне шығып жатқан тастар кеңінен таралған. Ал батыс, оңтүстік жағаларында теңіз астындағы, кей жерлерде теңіз бетіндегі тастар айқын байқалады. Түбектің көтеріңкі орталық бөліктері юра және бор кезеңдерінің құмтас, әктастарынан түзілген. Кей жерлерде олардың бетін неоген кезеңінің конгломерат қабаттары жапқан. Сармат тайпасынің бақалшақтасты әктастары жиі кездеседі. Олар құрылыс материалдары ретінде кеңінен пайдаланылады.

Климаты

Түбекті теңіз үш жағынан қоршап тұрғанымен климаты шөлді-континенттік. Теңіздің ықпалы жағалау бойында ғана байқалады. Ішкі құрлыққа қарағанда жағалау қыста жылырақ, жазда ыстығы сәл төмендейді. Орташа жылдық температура 11,1°С. Қаңтар айының орташа температурасы –3,2°С, шілдеде 25,6°С. Бірақ қыс кезінде абсолюттік минимум –26°С-қа, ал жазда абсолюттік максимум 43°С-қа дейін көтеріледі. Орташа жылдық температураның 10°С-тан жоғары жиынтығы 3854°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 214 мм. Қар жамылғысы жұқа, 10 см-ден аспайды. Тұрақты қар жамылғысы 18 күн ғана сақталады. Теңіз жағалауында жел 7 ай бойы соғады, кейде теңіз дауылдарына айналады. Жазда солтүстік, солтүстік-батыс желдері басым, ол циклондармен байланысты, ал қыста шығыстан соғады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 8 м/с. Бұл – Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Гидрографиясы

Түбекте өзен торы мүлдем жоқаласы Оның әктас және құмтастарының өте кеуекті қуыстарында жер асты грунт сулары қалыптасады, олардың тереңдігі 10 – 30 м шамасындауылы Сай-жыралар мен ойпаң жерлердің етектерінде жаңбыр мен қар суларынан жиналған бұлақтар мен атан құдықтар бар. Құдықтар шыңырау тереңдігімен ерекшеленеді. Дені таспен өріліп, ауыз жағы шегенделген. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан бұл құдықтардың өз аттары бар: Борлы, Қыштық, Тұщықұдық, Шыңырау, т.б. Тереңдігі 50 – 60 м-ге жетіп, олардың мал шаруашылығы үшін маңызы зор болған. Қазіргі кезде техниканың күшімен құдық суын пайдалануға мүмкіндік туды.

Топырағы мен өсімдіктері

Түбектің топырақ құраушы тау жыныстарын 1 – 1,5 м тереңдіктегі әктастарды жапқан саздақтар құрайды. Әктас жер бедерінің көтеріңкі бөліктерінде (әсіресе теңіз жағалауларында) жер бетіне шығып жатыр. Жазық жерлердің солтүстігіндегі шөлдің сор-сортаңды шақпақтасты қоңыр топырағында астық дақылды-бозжусанды (сарпент бозы, мортық, таспашөп), бұталы-бозжусанды және бидайықты-бозжусанды өсімдік топтары өседі; ал ойлы-қырлы жерлерінде олар бозжусанды - бұйырғын, тасбұйырғын және бұталы-бозжусан топтарымен алмасады. Түбек жері жайылым ретінде пайдаланылады.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Түпқараған түбегі туралы ақпарат. Түпқараған түбегі деген не? Түпқараған түбегі нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 22, 2026

    Поляк тілі

  • Ақпан 12, 2026

    Мұсылмандар

  • Ақпан 25, 2026

    Тайпақ ауданы

  • Ақпан 24, 2026

    26 қыркүйек

  • Ақпан 24, 2026

    Конфуциандық

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары