Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Конфуцишілдік (қыт. жу цзя – ғалым-зияткерлер мектебі) — ежелгі заманнан бастау алатын қытайдың философиялық жүйесі және саяси-этикалық ілімі. Шығыстың даосизм

Конфуциандық

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Конфуциандық

Конфуцишілдік (қыт. жу цзя – ғалым-зияткерлер мектебі) — ежелгі заманнан бастау алатын қытайдың философиялық жүйесі және саяси-этикалық ілімі. Шығыстың даосизм мен буддизммен қатар үш басты діни-этикалық бағыттың бірі. Ежелгі Қытайдың басты идеялық ағымдардың бірі.

Пекиндегі Конфуций мүсіні

Конфуцишілдіктің негізін қалаушы – ойшыл Конфуций (б.з.б. 551–479). Оның көзқарасын ізбасарлары “Лунь ой” (“Әңгімелері мен ой-пікірлер”) кітабында баяндап берген. Конфуцишілдікке сәйкес, адам тағдырын “аспан” айқындайды және адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуінің өзгеріске ұшырауы мүмкін емес. Жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам жоғары қызметтегі адамға сөзсіз бағынуға тиіс. Әлеуметтік теңсіздікті құдайдың құдіретімен байланыстырған Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289) Конфуцийдің көрнекті ізбасары болды. Конфуцишілдіктің екінші бір жақтаушысы Сюнь-цзы жасаған ілім бойынша “аспан” табиғаттың бір бөлігі болып табылады және онда сана болмайды. Адам заттардың заңдылықтарын түсініп, оларды өз мүддесі үшін пайдалануға тиіс. Алайда, Конфузцийшілдіктің “құдайдың құдіреті” туралы ілімі Дун Чжуншудың (б.з.б. 2 ғ.) Конфуцишіл ортодоксты доктринасын жасауына негіз болды. Негізінен, Сун әулеті билігі кезінде (10 – 13 ғасырлар) қытай философия мектебінің жаңа Конфуцишілдік бағыты қалыптасты. Жаңа Конфуцишілдік деп аталған бұл ағымның ерте Конфуцишілдіктен айырмашылығы – онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді. 11 – 12 ғасырларда Чжу Си және басқалар арқылы жаңа Конфуцишілдер дейтін философиялық бағыт қалыптасты, ол заттарда екі түрлі негіз бар деп үйретті. Олар: Ли – парасатты шығармашылық күш және Ци – енжар материя. Алғашқысы адамның бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс, ал екіншісі – жаман қасиет сезім қызғанышына бой ұруды қалыптастырады. Бұған бәсекелес екінші бағыт болған Лу Цзююань – Ван Янмин мектебі 16 – 17 ғасырларда идеялық басымдыққа жетті. 17 – 19 ғасырларда классикалық мәтіндерді сыни тұрғыда оқып, табиғатты тәжірибемен зерттеу қолға алынды. 20 ғасырларда батыс философиясы теориялары назарға алынды. Әлеуметтік тәртіп пен реттіліктің бұлжымастығын дәйектей түсу арқылы жаңа конфузцийшілдік 21 ғасырлардың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып келді. Оның Жапония, Корея мен Вьетнамға да ықпалы зор болды.

Ізгі адамның бес тұрақты негізі

  1. Жән (仁)– адамсүйгіштік, адамзатты сүю, мейірім.
  2. И (义 [義]) – ақиқат пен шынайылық.
  3. Ли (礼 [禮]) – дәстүр мен ырым.
  4. Чжи (智) – даналық, сана, ақыл.
  5. Синь (信) – ізгілік, адамгершілік.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Конфуциандық туралы ақпарат. Конфуциандық деген не? Конфуциандық нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Суық соғыс

  • Ақпан 10, 2026

    Роман тілдері

  • Ақпан 24, 2026

    Тынық мұхит

  • Ақпан 25, 2026

    Үшінші әлем

  • Ақпан 24, 2026

    Қарашай-балқар тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары