Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Торғай үстірті – батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ.

Торғай Үстірті

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Торғай Үстірті

Торғай үстірті – батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ.

Торғай үстірті
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі310 м
Солтүстіктен оңтүстікке
дейінгі қашықтық
600 км
Батыстан шығысқа
дейінгі қашықтық
300 км
Ауданы≈ 180000 км²
Орналасуы
50°03′00″ с. е. 61°50′00″ ш. б. / 50.05° с. е. 61.833334° ш. б. / 50.05; 61.833334 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°03′00″ с. е. 61°50′00″ ш. б. / 50.05° с. е. 61.833334° ш. б. / 50.05; 61.833334 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚостанай облысы
Торғай үстірті
Торғай үстірті (Қостанай облысы)
Торғай үстірті
 Басқа мағыналар үшін Торғай деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Жер бедері

Солтүстігінде Тобыл маңы аккумуляттік жазығынан оңтүстігінде Шалқартеңізіне дейін 600 км-ге созылады. Ені батыстан шығысқа қарай 300 км. Үстірт негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Абсолюттік биіктігі батыс және шығыс бөліктерінде 200 – 300 м, оңтүстігінде Шалқартеңіз ойысына қарай 150 – 170 м. Солтүстік бөлігі аз тілімделген, көбінесе жазыққа ұласып кетеді. Оңтүстік бөлігінде үстірт беті біртұтас тегіс, беткейі тік. Үстірттің дәл ортасын жарып меридиан бағытында Торғай қолаты өтеді. Оның оң жағасы бойында құрғақ арналар, тұзды көлдер көп. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар. бұйратты қыраттар, көлшік ойыстары, жыралар кездеседі.

Геологиялық құрылымы

Геологиялық құрылымы жөнінен эпигерциндік Тұран тақтасына жатады. Қатпарлы іргетастың бетін жапқан мезо-кайнозой шөгінді жыныстары қабатының қалыңдағы ондаған м-ден оңтүстік-шығыста 200 м-ге дейін барады.

Су жүйесі

Үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзендерінің және Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Ірілері: Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б. Гидролық торы сирек, көбінесе жазда үзіліп қалатын өзендер басым. Бастылары: Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық.

Климаты

Климаты тым континенттік, құрғақ. Қысы аязды, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм, қаңтардың орташа температурасы –16 – 18оС, шілденікі 21 – 24оС.

Топырағы мен өсімдігі

Солтүстік бөлігі қара және қышқыл қызғылт қоңыр топырақты. Мұнда селеулі-бетегелі құрғақ дала қалыптасқан. Құмды алқаптарда реликті шоқ қарағай ормандары өседі (Аманқарағай, Наурызымқарағай). Орта және оңтүстік бөліктерін бозғылт қызғылт қоңыр топырақты, бетегелі-жусанды шөлейтті дала алып жатыр. Қиыр оңтүстік шеті бозғылт қоңыр топырақты жусанды-сораңды шөл. Бұл бөліміне сусыма құм массивтері шоғырланған. Ірілері: Торғай өзен бойындағы Тосын құмы, Ұлы Жыланшық өзен маңындағы Аққұм және Ырғыз маңы құмы. Құмда жусан, еркекшөп, жүзгін басым өскен. Далалық алқаптың көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөл аймақтары – мал жайылымы. Өзен аңғарының жайылма шалғындарынан қысқы мал азығы дайындалады. Жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған. Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан.

Тағы қараңыз

  • Торғай қолаты
  • Торғай қақпасы

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Торғай Үстірті туралы ақпарат. Торғай Үстірті деген не? Торғай Үстірті нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Сөз тіркесі

  • Ақпан 12, 2026

    Еліктеу сөз

  • Ақпан 10, 2026

    Алтай тілдері

  • Ақпан 25, 2026

    Арал теңізі

  • Ақпан 24, 2026

    7 қыркүйек

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары