Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

44°21′50″ с. е. 77°58′22″ ш. б. / 44.36389° с. е. 77.97278° ш. б. / 44.36389; 77.97278 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°21′50″ с. е. 77°58′22″ ш. б. / 44.36389° с. е

Кербұлақ ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Кербұлақ ауданы

Кербұлақ ауданы — Жетісу облысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Сарыөзек ауылы.

Қазақстан ауданы
Кербұлақ ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Сарыөзек

Ауылдық округтер саны

15

Ауыл саны

63

Әкімі

Жанат Жүнісбеков

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, №10

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°21′50″ с. е. 77°58′22″ ш. б. / 44.36389° с. е. 77.97278° ш. б. / 44.36389; 77.97278 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°21′50″ с. е. 77°58′22″ ш. б. / 44.36389° с. е. 77.97278° ш. б. / 44.36389; 77.97278 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1973

Жер аумағы

11,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

44 600 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (89,18%), орыстар (8,2%), шешендер (1,47%), татарлар (0,34%), ұйғырлар (0,2%), басқалары (0,61%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041100-041121

Автомобиль коды

19

Кербұлақ ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Кербұлақ ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Көксу, Ескелді аудандарымен, шығысында Панфилов ауданымен, солтүстік-шығысында Қытаймен, батысында Алматы облысының Балқаш, Талғар аудандарымен және Қонаев қаласымен, оңтүстігінде Іле өзені арқылы Еңбекшіқазақ ауданымен шектеседі.

Тарихы

Аудан 1973 жылы ұйымдастырылған. Бірінші басшысы - Айтақын Алпысбаев.

1997 жылға дейін Талдықорған облысы аумағында болып келген. Бұрынғы Гвардия және Кербұлақ аудандары негізінде 1997 жылы қайта құрылып, қазіргі атымен аталады.

Жер бедері

Кербұлақ ауданының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігі таулы. Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның биік таулы бөлігі Қоянтау, Алтынемел, Тоқсанбай жоталарынан тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Шолақтау, Сарышыбын, Дегерес, Қотырқайың, Матай, оңтүстік-батысы мен батысында аласа келген Малайсары жотасы орналасқан. Ауданның ең биік жері Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі саналатын Тоқсанбай жотасында (4062 м). Қиыр оңтүстігі мен оңтүстік-батысы жазық (Іле ойысы) келген. Батысында Мойынқұм жатыр.

Қазба байлықтары

Жер қойнауынан алтын, күміс (Арқарлы, Бетбастау, Игілік, Керімбек кен орындары), цеолит, шунгит (Шанханай, Көксу кен орындары), алунит (ашудас алынатын минерал), қорғасын, мырыш, мыс кен орындары, одан басқа әктас, мәрмәр, габбро-диабаз, қиыршықтас кендері барланған. Майтөбе кен орнынан цеолит өндіріледі.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ауданның климаты тым континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –10 – 15°С. Қыстың кейбір күндерінде ауа температурасы –37°С-қа дейін төмендейді. Шілденің жылдық орташа температурасы 22 – 24°С; оңтүстік-батыстағы жазық өңірлерде кейбір жылдары температура 38 – 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері ауданның батысындағы жазық өңірлерінде 150 – 200 мм-ден шығыс, солтүстік-шығысында 650 – 800 мм-ге дейін жетеді. Басты өзендері: Іле, Быжы, Көктал, Қаратал, Көксу. Шағын өзендері: Қызылжар, Майтөбе, Сарыбұлақ, Жартас, Шолақ, Тайшақ, Қоянкөз, т.б. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы салынған. Тау бөктерлері мен тауаралық ойыстарда таудың қара, күңгірт қоңыр, қызғылт қоңыр, жазық өңірінде ашық қоңыр, қоңыр, сұр, сортаңды сұр топырағы қалыптасқан. Мойынқұмда құмды топырақ таралған. Өсімдіктерден жазық өңірде жусан, көкпек, жыңғыл, сексеуіл, боз, бетеге, теріскен, изен, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Тау аңғарлары мен бөктерінде шайқурай, бидайық, бүлдірген, тобылғы, арша, итмұрын, долана, жабайы алма ағашы, самырсын, шырша, альпі шалғыны өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, жабайы шошқа, қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, биік таулы өңірде қоңыр аю, марал, арқар; құстардан бүркіт, ителгі, құр, кекілік, дуадақ тіршілік етеді. Ауданда аумағы 42,6 мың га Алтынемел ұлттық-табиғи саябағы орналасқан. Онда Барсакелмес қорығынан көшіріліп әкелінген құландар мекендейді. Ауданның шығысындағы Жоғарғы Көксу мемлекеттік қорықшасын марал және таутеке мекендейді.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жарамды жерлерінің жалпы аумағы (2008), 1,116 млн. га, оның ішінде егістік жерлері 142,4 мың га, көп жылдық егістіктер 0,2 мың га, шабындығы 19,8 мың га, жайылымдар 751,1 мың га, бақшалар 0,4 мың га-ны құрайды. Алтынемел жотасының солтүстік баурайында, еліміздің көрнекті ғалымы, саяхатшы Ш.Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдары өткен Шанханай ауылы жанындағы Көшентоған қонысында ғалымға орнатылған ескерткіш-бейіт және мұражай орналасқан. Аудан жерімен Алматы – Семей автомобиль жолы және Түрксіб темір жолы өтеді.

Халқы

1979 1999 2009 2021
 39307 ▲53522 ▼47992 ▼45336

Аудан халқының саны 48 860 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (88,80%), орыстар (8,47%), ұйғырлар (0,17%), татарлар (0,38%), шешендер (1,47%), немістер (0,12%), украиндар (0,09%), басқалары (0,50%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 63 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Алтынемел ауылдық округі 2132 ▼1796 84,2 1063 ▼929 87,4 1069 ▼867 81,1
Басши ауылдық округі 2980 ▼2614 87,7 1551 ▼1362 87,8 1429 ▼1252 87,6
Жайнақ батыр ауылдық округі 3156 ▼2542 80,5 1588 ▼1318 83 1568 ▼1224 78,1
Жоламан ауылдық округі 2171 ▼1682 77,5 1114 ▼890 79,9 1057 ▼792 74,9
Көксу ауылдық округі 2130 ▼1589 74,6 1053 ▼812 77,1 1077 ▼777 72,1
Қарашоқы ауылдық округі 2194 ▲2233 101,8 1114 ▲1138 102,2 1080 ▲1095 101,4
Қаспан ауылдық округі 1742 ▼1724 99 905 ▲924 102,1 837 ▼800 95,6
Қоғалы ауылдық округі 5145 ▼4418 85,9 2518 ▼2288 90,9 2627 ▼2130 81,1
Қызылжар ауылдық округі 1958 ▼1723 88 1010 ▼865 85,6 948 ▼858 90,5
Сарыбастау ауылдық округі 1740 ▼1565 89,9 846 ▼796 94,1 894 ▼769 86
Сарыбұлақ ауылдық округі 1827 ▼1536 84,1 911 ▼804 88,3 916 ▼732 79,9
Сарыөзек ауылдық округі 12486 ▲15419 123,5 6081 ▲7898 129,9 6405 ▲7521 117,4
Талдыбұлақ ауылдық округі 2136 ▼1847 86,5 1097 ▼908 82,8 1039 ▼939 90,4
Шанханай ауылдық округі 4036 ▼3003 74,4 1997 ▼1523 76,3 2039 ▼1480 72,6
Шұбар ауылдық округі 2159 ▼1645 76,2 1055 ▼849 80,5 1104 ▼796 72,1
ЖАЛПЫ САНЫ 47992 ▼45336 94,5 23903 ▼23304 97,5 24089 ▼22032 91,5

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Кербұлақ ауданы туралы ақпарат. Кербұлақ ауданы деген не? Кербұлақ ауданы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 17, 2026

    Ырғызбай Айдосұлы

  • Ақпан 25, 2026

    Шағатай ұлысы

  • Ақпан 13, 2026

    Уақыт белдеуі

  • Ақпан 12, 2026

    Федеративті мемлекет

  • Ақпан 25, 2026

    Бор кезеңі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары